0 дауыс
958 көрілді
Кофені күніне 3 мезгіл ішемін. Зиян ба, əлде пайдалы ма?

2 жауап

0 дауыс
Таңертең ішкен дұрыс, пайдалы. Бірақ та, түсте шай немесе таза су ішкен пайдалы. Көп іше бергеннің өз зияны бар.
0 дауыс
Кофені көп адам сусын ретінде пайдаланатыны белгілі. Алайда оның зиянды тұстарын айтып, бас тартуға үндейтін кеңестерді көп кездестіреміз. Оның пайдалы тұстары да бар екенін біле жүріңіз. Назарларыңызға кофенің денсаулыққа пайдасы жөнінде аз-кем ақпарат ұсынамыз. 1. Қант диабеті 2 типінің алдын алады. Жаңа әрі тың ізденістермен жүріп, кофені өте жиі ішетін адамдар осы аурумен ауырмайтыны анықталды. Ал бұл сусынды аз пайдаланатындар қант диабеті дертіне бейім келеді. Мұның себептеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен, кофе стеройдты жыныстық гормондарды байланыстырады және қант құрамындағы ақуыздың консентрациясын көтереді. Ал, екіншіден, кофе құрамындағы хинин инсулиннің жұмысын жақсартады және қандағы глюкозаны клеткаларға орналастырады. Содан энергия пайда болады. Сонымен қатар, глюкоза мөлшері төмендейді. 2. Қатерлі ісікті болдырмайды. Егер де әйел бір күнде 4 немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішсе, жатырындағы қатерлі ісік дертінің қаупі 25% төмендейді, ал егер 2-3 шыныаяқ қана пайдаланса қатері 7% төмендейді. Енді ер адамдарға тоқталатын болсақ, Гарвард университетінің зерттеу нәтижесінде бір күнде 4 шыныаяқ кофе ішсе, қуық жолындағы қатерлі ісік ауруының қаупі 60% төмендеген. Кофенің мұндай ерекшелігінің себебі, оның құрамындағы хлорагенді қышқыл қатерлі ісік тудыратын клеткаларға тікелей әсер етіп, оларды жояды. Сонымен қатар, құрамындағы бұл зат иммунды клеткаларды нығайтады. Кофе несеп айдайтын қасиетке ие болғандықтан, зәр арқылы ағзадағы барлық зиянды заттарды сыртқа шығарады. Зерттеу нәтижесінде кофе артериялық қан қысымын төмендететінін анықтаған. 3. Паркинсон ауруына оң әсер береді. Кофенің 4 шыныаяғын ішіп паркинсон дертімен ауыратын адамдар өз жағдайын жақсартқан. Кофе – бұл қауіптенетін сусын емес, тек қана мөлшермен пайдаланып, өзіңіздің қалыпты жағдайыңызды байқасаңыз болды. Кофе ішіп, денсаулығыңызды нығайтыңыз.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/38093/

Ұқсас сұрақтар

...