Денсаулық, Әдемілік сұрақ қойды | 2.3k қаралды
2.3k қаралды
Бүгін колледжге дәрігерлер келіп,донорлар күніне қан алды, мен тапсырдым, қан тапсыру пайдалы ма, зиян ба?
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

11 жауап

жауап берді
Зияны жоқ ешқанда, кез келген адамнан қан ала бермейді қан орталығынан келген дәрігерлер, сол жерден бірден гемоглабинін тексеріп көреді, қан алуға көрсеткіштен төмен болса алмайды, олар да арттарын ойлайды ғо)) 18 жастан асқан угриді кетіргісі келетіндер плазмафорез, қан тапсырса кетеді угри
жауап берді
Донорлар қан алса, бірдеңені біліп аладығой.
жауап берді
зиян да, пайдалы да денсаулығына қарай әркімнің
жауап берді
қанды анда санда беріп тұрғанның еш зияны жоқ кейбір мұқтаж жандарға пайдаң тиеді
жауап берді
Қан беру организмдегі қан көлемінің жаңаруына бастама болады. Демек, жылына бір рет 400-450 мл қан беру организмге пайдалы.
жауап берді
Қан беру - адамның өз ырқында. Қан беру арқылы Жомарт бауырымыз айтқандай бір жағынан қан тазарса, екінші жағынан жағдайы жоқ жандардың өмірінде оң өзгерістер болуына себепші боласыз
Белгісіз жауап берді
Саған да  қаны жетіспейтіндерге пайдасы бар!
жауап берді
Мен бір жылда 3 рет қан тапсырып үлгердім,екеуінде 450 мг-нан,біреуінде 350 мг. Қазір давлением төмен.))
жауап берді
Өзім осы уақытқа дейін 4 рет қан тапсырдым. Студент болып жүрген жылдары 2курстан бастап 4курсқа дейін әр жылы күзде тапсыратынмын. Одан кейін үзіліп қалып, өткен көктемде жұмыстағы әріптесіміз жол апатына ұшырап, ұжым болып соған қан тапсырдық.

Қан тапсырған адам мұны жүйелі түрде әр жылы қайталап отырған дұрыс деп естігенмін.

Бірақ, сіздің тамақ рационыңыз бен өмір салтыңыз қан тапсыруға лайық болуы керек.
жауап берді

Донор болудың артықшылықтары

Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады. Қан тапсыру арқылы, сіз жүрек-қантамырлары жүйесін бекітесіз және ағзаның өзіндік жаңартылу қызметін қосасыз. 60 жастан асқан, өмірінде бірінші рет қан тапсырып тұрған адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдар қанды тапсыруға медициналық тексеріс жүргізетін адамның шешімі бойынша жіберілуі мүмкін. Тұрақты түрде қан тапсыратын донорлар әдеттегі адамдармен салыстырғанда 5-8 жыл көп өмір сүреді және апаттар, бақытсыз жағдайлардағы қан шығындарына неғұрлым шыдамды келеді.

Қан тапсыру иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және бауыр аурулары, сондай-ақ атеросклероздың профилактикасы үшін керек. Ағзадан артық қанды шығара отырып, сіз ішкі мүшелеріңізді жеңілдетесіз (атап айтқанда, көкбауыр және бауыр). Қандағы темірдің жоғары құрамы — зиянды. Қан шығыны темір құрамын азайтады.

мәлімет

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Азаттық жаңалықтары
117,268 сұрақ
299,815 жауап
153,153 пікір
63,876 қолданушы