0 дауыс
4.5k көрілді

Кофені қай уақытта ішкен жөн: таңертең, тал түсте, түстен кейін,кешке, жатар алдында? Кофені қай уақытта ішкен пайдалы?

Кофені таңертең ішу керек деген қолданушылардың жауаптарымен келісуге болады. Алайда мен оны түсте ішкен дұрыс дер едім.

Себебі, Британия ғалымдары кофені түстен кейін, яғни сағат 14:00-ден кейін ішу керектігін айтады. Ғалымдар адамдардың көпшілігі түстен кейін шаршай бастайды, содан олардың ойлау қабілеттері төмендейді. Ал түстен кейін ішілген бір кесе кофе ойлау қабілетін белсенді етіп, адамды сергітеді дейді.
Бұрындары АҚШ ғалымдары кофені жиі ішу күйзелісті алдын алады, оба пен ісіктен қорғайды деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар мамандар  кофе әйелдердің қынап обасына, еркектерді қуық түбі безі обасына шалдығуын төмендететіндігін анықтаған.
Алайда кейбір ғалымдар күніне төрт кеседен көп кофе ішу өмірді қысқартады дейді.
Кофенің пайдасы мен зияны туралы тартыстар әлі бір шешімге келген жоқ. Алайда бүгінгі күні кофе әлемдегі ең танымал сусын. Күнделікті әлем бойынша 500 биллион кесе кофе ішіледі. Кофе – әлемде сатылымы бойынша мұнайдан кейінгі екінші орында.

P.S. Егерде кофені таңертең ішетін болсаңыз оны аш қарынға іше көрме. Міндетті түрде печень, булочка, нан сынды өнімдермен тұтын.
P.S.2. "Если посмотреть всегда на завтрак подают кофе с круассанами..."

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кофені тым көп ішуге болмайды.Оны тек бір ғана мезгіл..негізінен  таңертең ішкен дұрыс.Жатар алдында кофе ішуге болмайды.Ол ұйқыны қашырады.Жатар алдында тек сүт,айран ішуге болады.
+1 дауыс
Таңертең ішкен дұрыс, сосын тынығып алғаннан кейін де ішу керек. Ес жиюға көмектеседі.
+1 дауыс
таңда ішкен дұрыс ұйқыңыз шайдай ашылып істеріңізді тез аяқтайсыз
+1 дауыс
Таңертеңде iшу керек.Ұйқыны ашады.
+1 дауыс
Кофені таңертең ішу керек. Әйтпесе, түнде ішсе, ұйқыны қашырады.
0 дауыс

Көп адамдар кофені сергіткіш сусын ретінде ұйқыдан тұра сала ішкенді дұрыс деп ойлайды. Шын мәнінде, кофені қай уақытта ішкен дұрыс? Австралияның диетолог ғалымы Линди Коэн осы сауалдың жауабын тапты.

«Мен адам организмін сергітетін қабілетке ие кофе сусынын пайдалану туралы зерттеу жүргіздім. Осы кешенді зерттеу барысында көп нәрсеге көз жеткіздім. Мәселен, кофені сүйікті сусын ретінде қолданатындардың көпшілігі оны дұрыс уақытта ішпейді екен, нәтижесінде оның пайдасына қарағанда зияны көбірек екені анықталды», –  дейді ғалым.

Линди Коэннің айтуынша, кофені дұрыс уақытта ішпеген кезде ол адамның жұмыс істеу қабілетіне кері әсерін тигізеді екен.

«Ұйқыдан тұра сала кофе ішуді әдетке айналдырған адамдар көп-ақ. Алайда, біз мұның дұрыс емес екендігін анықтадық. Себебі, таңертеңгілік уақытта адам  ағзасында кортизол мөлшері жоғары болады. Бұл кезде кофе ішкен ағзаға аса зиян. Сондықтан кофені таңертеңгі сағат оннан бастап ішкен орынды», – деп атап өтті Линди Коэн.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
9 жауап
...