+1 дауыс
1.0k көрілді
Кофе ішкеннің адам ағзасына пайдалы жақтары бар ма екен?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бар екен. Біріншіден, Кофенің орталық жүйке жүйесіне күшті әсер ететіні дәлелденген. Ол қимыл-қозғалыс белсенділігі мен ақыл-ой және физикалық еңбекке қабілеттілікті арттырады және   шаршағаныңызды басып, ұйқыңызды ашады.

Кофенің пайдалы қасиеттерін Аристотель мен Авиценна да білген. Кофе дәнінің әр түйірінде көптеген түрлі дәрумендер мен микроэлементтер бар. Олардың негізгілері – темір, натрий, калий, кальций, фосфор және күкірт. Одан бөлек, кофенің құрамында 30-дан астам органикалық қышқылдар бар.

Гарвард денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары кофенің өт қабында тастың пайда болуының алдын алатынын анықтаған. Сонымен қатар бұл сусын сусамырдың пайда болуынан сақтайды.

Кофеде «бақыт гормоны» аталып жүрген серотониннің бары дәлелденген. Ол күйзелістен арылып, көңіл күйді көтеруге септігін тигізеді.

Үнді ғалымдарының пікірінше, кофе адамды радиациядан қорғай алады. Алайда Еуропа дәрігерлері бұл пікірді әлі растаған жоқ.

Бірақ кофенің пайдасымен бірге зияны да бар екенін ұмытпаңыз. Жүрек ауруы, атеросклероз, бүйрек аурулары, глаукома дертіне шалдыққан, қан қысымы жоғары және ұйқысыздық мазалайтын адамдардың кофеден бас тартқаны жөн.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
...