+3 дауыс
2.2k көрілді

Кофенің қаншалықты көп зияны бар?

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі кезде табиғи кофе әлемдегі ең кең тараған сусындардың бірі болып табылады. Таңсәріде бір шыныаяқ кофесіз ұйқысын аша алмайтындар да аз емес. Алайда оның пайдасы мен зияны – өз алдына бір мәселе. Бұған қатысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Ғалымдар әлі де бұл сусынның бізге беймәлім қасиеттерін анықтауда. Кофенің отаны Эфиопиядағы Каффа елдімекені болып саналады. Сусынның атауы да содан шыққан. Айта кетерлігі, үнемі кофе дәнінен дайындалатын кофені ішетіндер некен-саяқ. Көбі тез еритін кофені пайдаланады. Оны ойлап тапқан – швейцариялық химик Макс Моргенталлер. Ерігіш кофені дайындау тез болғанымен, дәмі нағыз кофеге жетпейді. Сондай-ақ ондағы кофеиннің мөлшері әлдеқайда көп екені дәлелденген. Сол себепті, кофе дәндерін пайдаланған абзал. Ол әлдеқайда пайдалы әрі дәмді. Кофенің ең басты құрамдас бөлігі – кофеин. Бұл алкалоид сондай-ақ шай жапырақтарында және кола жаңғақтарында бар. Кофенің орталық жүйке жүйесіне күшті әсер ететіні дәлелденген. Ол қимыл-қозғалыс белсенділігі мен ақыл-ой және физикалық еңбекке қабілеттілікті арттырады және шаршағаныңызды басып, ұйқыңызды ашады. Кофенің пайдалы қасиеттерін Аристотель мен Авиценна да білген. Кофе дәнінің әр түйірінде көптеген түрлі дәрумендер мен микроэлементтер бар. Олардың негізгілері – темір, натрий, калий, кальций, фосфор және күкірт. Одан бөлек, кофенің құрамында 30-дан астам органикалық қышқылдар бар. Ақпарат: http://www.infoportal.kz/kaz/news/novosti-uralska-i-zko/zdorove/kofenin-paydasy-men-ziyany , http://pak.bugin.kz/densaulyk/tamaktanu-teoriyasi/item/60-%D0%BA%D0%BE%D1%84%D0%B5%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%8B-%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D0%BD%D1%8B.html
+2 дауыс
жүрек қағысы әсеріне кері ықпалын тигізеді деп естідім. Нақты мамандар білмесе)))
+2 дауыс

Ең пайдалы, қолжетімді сусын - көк шай. Кофенің дәндерін отқа күйдіріп дайындайды, сондықтан оның пайдасынан зияны көбірек.

+1 дауыс

Жүрекке зиян. Таңертең ұйқы ашу үшін пайдасы бар.

0 дауыс
егер кофені ішіп болған соң шынаяқ түбінде ұнтақ қалмаса ол таза кофе дегені оның зияны болмайды деп естігем менің жүрегім ауырсада іше берем бірақ өзгеріс сезбеймін
0 дауыс
Зияны құрамында кофеин деген зат бар, көп қолдансаң ол зиян

Ұқсас сұрақтар

...