+4 дауыс
758 көрілді

Құрметті SURAK -ZHAUAP сайтының қолданушылары ! Сіздерді 22 наурыз -Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын ! Сіздерге талмас қанат, қажымас қайрат тілеймін. Сіздерден кешегі ісім үшін кешірім сұрап, бүгін өзімнің наурыз көжемнің дайындалуын   "Samsung- тің  наурыз көжесі "байқауына арнайы ұсынамын.

Наурыз көже дайындау үшін бізге :

 

- Сөк 

 

- Маж

 

- Жүгері  жармасы 

 

- Фасоль 

 

 

- Сүт 

 

- Ет 

 

 

-  Қамыр 


Наурыз көже – наурыз мейрамына арнап дайындалатын ерекше ұлттық ас. Наурыз – жылдың басы, «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі». Жыл басы болғандықтан, ол біздің халықта ұлық мейрам болып тойланады. Мерекеге дайындалатын ең негізгі ас – наурыз көже. Наурыз көжеге табиғатта кездесетін 7 түрлі түсті білдіретін тағамдар салынады. Олар: ақ – сүт, қара – тұз, көк – су, жасыл – шөп, сары – май, қоңыр – бидай, қызыл – ет.

Наурыз көжемізде міне дайын болды.

 

22 наурыз -Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ! Наурыз мейрамы қанышқа толы болсын .  Наурыз әр шаңыраққа құт, береке, қуаныш әкелсін !

Арнайы "Samsung- тің наурыз көжесі"  байқауына Айнұр.

 

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Не айтарым бiлмей отырым... Бұны өзiң әзiрлеген шығар деп сенем)) шынында солай ма?? Тағы алданып қалып жүрмейiк деватқанымда..=))
Әрине мұны өзім даярладым анаммен бірге )))
Әй, бәсе ЖАРАЙСЫҢ! Алдыңғы қателiгiңдi жуып-шәйдың девойлайм)) анаңның қолына дерт бермесiн! Сенiңде қолыңа дерт бермесiн-)) керемет жасағансыздар, ұнады... Жарайсың тағы да!
0 дауыс
Жарайсың Айнұр керемет шығыпты,осы жолы алдамадың деп ойлаймын!!!Байқауда тек қана сәттілік тілеймін!
Рахмет Айсара
+1 дауыс
Шынымды айтсам, наурыз көжеге,маш қосып жасағанды көргенмін, бірақ фасоль қосқанды бірінш рет көріп, таң қалдым. Дәмі қандай екен деп қызығып отырмын ! Келесі жылы міндетті түрде сен жасаған рецептпен жасап көремін. Осындай қызық идеяға анаңа да саған да  көп рахмет!!!
Мхм жасап көріңіз дәмін сол кезде көре жатарсыз .
+1 дауыс
Керемет! Көженің тағы бір түрін үйрендім :)
+1 дауыс
Суреттерін әдемі екен!дәмі де сондай шығар..)

Ұқсас сұрақтар

...