+21 дауыс
4.3k көрілді

Құрметті Baribar.KZ сайтының қолданушылары! Бүгін мен сіздердің назарларыңызға Samsung Electronics Kazakhstan және Baribar.KZ сайты бірлесе отырып ұйымдастырған "Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауына арнайы пісірілген Наурыз көженің жасалу жолымен бөліспекпін.

Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзгеде ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.

Наурыз көже дайындау үшін бізге:

 - Су

 -Сүрленген ет\қазы

Бидай жүгері

 -Жүгері жармасы

- Бидай жармасы

 -Тары жармасы

Айран суреті

 - Айран

тұз суреті

 -Тұз

Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.

ет қайнату

Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.

Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.

сорпасы

Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз.

наурыз көже

Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз.

піскен ет

Дайын етті майдалап тураймыз.

наурыз көже

Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз.

наурыз көже

Салқындаған көженің үстіне айран құямыз.

наурыз көже

Наурыз көже дайын!

"Наурыз" мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін!

_________________________________________________________________________________________

Наурыз көженің видео-нұсқасы:

    Арнайы "Samsung-тің наурыз көжесі" байқауына Erke_ky3 :)

    14 жауап

    +4 дауыс
    Айнұр, үш форматтың бәрін қамтиын деген екенсің ғой. Күшті шығыпты. Маған өте ұнады, әсіресе видеоң. Бір сыйлықты саған беріп жіберу керек деп ойлаймын :)
    Рахмееееет Жалғас :)
    +1 дауыс
    Жақсы-ақ.... Бірақ мына суреттер опитимизацияланбаған... Сондықтан бұл беттің ашылуы да тым ұзақ жане компьютерге де ауыр, оның үстіне USB модеммен отырғандар көре алмайтыны анық... Суреттерді оптимизациялау керек... Дұрысы PhotoShop-пен жасаған...
    Өзгертіп қойдық. Енді суреттердің салмағы азайды. Ерке қыз суретті  оригинал күйінде салған екен.
    +3 дауыс
    Маған ЕРКЕ ҚЫЗ-дың наурыз көжесі ұнады менен +1, Тек ана етті яки қазыны қосқанда көже бір түрлі болып кетпейма ???
    Рахмет :) Досбол! Жеке өзім майлы тағамды аса ұнатпаймын. Сондықтан қазы піскеннен кейін майын салған жоқпын, тек еттерін ғана бөліп алып, салдым. Дәмі қандай болғанын өзің ойлай бер  ;)
    ммммммммм кккеееееррррееееемммеееттт !!!!!!!!!!!!!!!!
    Белгісіз
    +1 дауыс
    Мяяя, пысығын))) Мамадес! Наурыз көжең ғажап шығыпты, ұнады маған)
    Рахмеееет :)
    +1 дауыс
    Маған ұнады. +1 Құдды бір мен де наурыз көжені даярлап, қазір ішіп отқандай күйдемін. Қолың дерт көрмесін.
    0 дауыс
    +5 деген жоқ енді амалсыз +1 басып отырмын, Керемет! Дәмдісін-ай )))))
    @ako_O , @Эгоист №1 рахмет :)
    0 дауыс
    Суреттер адамның тәбетін ашады екен))) Маған да ұнады :)
    +1 дауыс
    Ням- ням керемет шыққан! Маған қатты ұнады!
    Майрош сенің де тағамыңды қуана-қуана күтеміз. :)
    Рахмет Майрош! Ұнағанына қуаныштымын :)
    +1 дауыс
    Маған өте қатты ұнады.Дәмді көрінеді екен!Сізге көп-көп рахмет.Мұнда әсіресе  видеоңыз сәтті шығыпты.+1
    Рахмет Ұлан :)
    Арзымайды!Қолыңыз дерт көрмесін!
    0 дауыс
    Ерке қыз қонаққа шақырмасын ба?  Жарайсың!!!!
    Рахмет :) Өкінішке қарай наурызда үйде болмаймын. Болғанда Наурыз көжеге шақыратын едім :)
    +1 дауыс

    kiss heart angel wink yes  Еркеее қыыыыыыыыыыыз, қашанғы сындыра бересің мені, қираттың ғо =) Керемет!

    Рахмееет  :*  ! Блог құрылтайға келесің ғой, иә?
    сол, қиындау болып тұр ((( тырысып жатырмын әлі
    Келуге тырыс! А то "ұйқыашарым" Ақтауға жетемін дегенше бұзылып кетеді ғой (sun)
    0 дауыс
    Не деген тағамдар ! Қолдарыңа қуат берсін ! .........
    Рахмеееет :)
    0 дауыс
    Керемет....Қолыныз дерт көрмесін!! Әрине +1)
    Рахмет :)
    Наурыз көжеңіз керемет болыпты . Қолыңызға дерт бермесін.
    Рахмеееет Айнурка :)
    +1 дауыс
    +1 мәләдес,ЕРКЕ ҚЫЗ! Қолың дерт көрмесің! Күштіі! Жеңіс тілеймін)
    Көжең керемет,адамның тәбетін ашады екен! Жеңіске жетуіңе тілектеспін!
    Ағила, Жақсы рахмет сендерге :)
    ...