+13 дауыс
1.8k көрілді

Уа, жұртым! Мен ғашықпын! Наурыз көжеге ғашықпын! ))))))

"Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауды бастаған  Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайтына алғысым зор! Байқау арқасында ғашығым Наурыз көжемен ертерек қауыштым))))) Жаңа Жыл құтты болсын!

Наурыз көже демекші, әр өңірдің... жо-жоооқ әр үйдің өз Наурыз көжесі, оны жасау жолының өз нұсқасы бар екен. Алдыңғы жарияланған көжелерге қарап таңданғаным рас, бірақ білуші едім. 

Негізі Наурыз көже құрамына кіретін дәмдер жетеу ғана емес 21 ғой деймін. Мәселен: бидай, күріш, ноқат, маш, жүгері, перловка, айран, құрт, ет, қамыр, май, су, тұз, т,б кете береді. Әркім өз қалауы бойынша жасайды.

Менің нұсқамдағы, дұрысы біздің үйдегі нұсқасында май мен ет салса жемей қояды. 

Сонымен, Наурыз кжжеге керектілер: 1. ноқат; 2. жүгері жармасы; 3. күріш; 4. маш; 5. бидай; 6. құрт; 7. су:

Ең алдымен бір күн бұрын ноқатты ыстық суға тұз салып түні бойы жібітіп қою керек:

Қалған аталмыш дүниелерді суға тұз қосып пісіріп аламыз: 1. ноқат; 2. жүгері жармасы; 3. күріш; 4. маш; 5 бидай;

Бәрі дайын болғаннан кейін бәрін арнайы шұңғыл ыдысқа саламыз:

Құрттарды алдын ала суға жібітіп қоямыз:

Суытып, жібіген құртты езіп, суын көжеге құямыз, айран қатса да болады:

Көжені суытып ішсеңіз дәміне базар жоқ!

 

Асыңыз дәмді болсын!

Сұрақ: Сіздің ғашығыңыз қалай жасалады?

"Ғашықпын!" дегенге не ғашық екен дееееп кірсем ))))))))))
Менде неғып 19+ жинады деп!
он тоғызыншысын мен қостым)

15 жауап

+2 дауыс
иә өте керемет. сізге +1.  Жаңа жылдарыңызбен!
рахмет, бірге болсын! ))))))
+2 дауыс
Көркем тамаша,әсіресе ағаш қасықтарға риза болдым!
Рахмет ағасы)))
+2 дауыс
Керемет екен ! Қолыңызға қуат берсін !
рахмет)))
+3 дауыс
Ғашығым сөйлейді :/// ____ ұнады көже, нәм-нәм =P
Рахмет)))
+2 дауыс
Ғажап...! Сілекейім шұбырып кетті ғой, тегі...Қолыңыз дерт көрмесін...
+2 дауыс
Алдында дайындағандарың да, осы наурыз көжеңде өте керемет жасалған, жаңа жылыңызбен, қысқа толқынды пеш бiреуiн сiзге берер ем, если қолымда болса))
Рахмеееееееееееет))))(blush)
Ұзын толқындысын да берер ем менің қолымда болса
+2 дауыс
ноқат деген не нәрсе?

Ерекше дайындалады екен ғашығың, өзіңде ерекше жансың ғой)
ноқат -горох
+2 дауыс
Молшылық кезеңдеміз, шүкіршілік етейік Тәңірімізге. Әйтпегенде қыстан әзер шыққан жұрт біреуі бидай шығарса, екіншісі тары шығарып, тапқандарын қосын бірлесіп жасапты-мыс. Бірнеше үй бірігіп үлкееееен қазанға жасаса керек. Келіншегіме айтпасам, сен де ертерек пісіре бер деп -)
+2 дауыс
Оо жарайсыз Көркем! Дәмді сияқсы! Алайда сайтымызағы 16244 қолданушыға жететіндей етіп пісірмедіңбе?)))))
+2 дауыс

coolҒашықпын деп жазылып  тұрғанға бір жігітке қатты ғашық болып қалғанба десем.Ал мына Наурыз көжең керемет екен!

+2 дауыс
КЕРЕМЕТ,ҚОЛЫҢ ДЕРТ КӨРМЕСІН КӨРКЕМ!ҒАШЫҒЫМ ДЕГЕНГЕ  БІР ЖІГІТКЕ ҒАШЫҚ БОЛЫП ҚАЛДЫМА ДЕСЕМ?!22 наурыз-қазақтың жаңа жылы құтты болсын!!!
үлкеен рахмет))
+2 дауыс
Korkem   keremet  shykkan  Nauryz  kojen  damin  tatyp  korsem   korgenimnende  keremet  bolatyn  siyakty)))Jaraisyz!
рахмееет)))
+2 дауыс
Күштіііііііііііііііііі :*
рахмет, жәнііім))
+1 дауыс
Көркем ғашығыңыз өте дәмді,түрі де әдемі екен.Ол сонымен қатар қалаған кезіңізде жаныңызда.Шын бақытты екенсіз!Менің де ғашығым жүрегімді әлекке салған жігіт емес,Наурыз көже болса ғой.Ғашығыңыз керемет!
0 дауыс
Маған жасап берш....
...