+12 дауыс
9.2k көрілді

Достар,  Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесіп, көктемгі Наурыз мейрамына қарсы "Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауы үшін алдарыңызға Бас тартамын. Бір қойдың басын мүжіп кетіңіздер!

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің,
«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам

Бас тарту - кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде, осындай мерейлі мерекелерде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан.

Бас тарту әдебін сақтай отырып, керекті дүниелерді түгендеп алалық. Ол үшін бізге: қойдың ұйытылған басы, қой еті (жылқы еті), қазы, картоп, сәбіз, тұз, қамыр үшін жұмыртқа, су, ұн қажет:

Алдымен басты құйқаларынан тазартып, жағын екіге айырамыз:

Тазартып, жуылған басты суға салып отқа қоямыз. Тұздаймыз және шамалы сода салсаңыз бас еті жұмсақ болып піседі:

Енді қой еті мен, қазыны да отқа саламыз, дәміне қарай тұз салынады. Пісру барысында бетіндегі көбігін тазартқан жөн, сондай-ақ етті қайнатуға жеткізбей бүлкілдеп қайнату керек. Қатты қайнап кеткен жағдайда етіңіз сағыз секілденіп, дәмсіз шығады Сондықтан жиі қадағалау керек:

Етті пісіріп, бетін жауып қойғаннан соң қамыр илеп қоямыз. Қамырды осылай ертерек илеп, илеуін қандырып қойса қамырыңыз жақсы шығады. Ол үшін екі жұмыртқаны жарып, су, тұз қосын қамыр илейміз:

Әдеттегідей бетін жауып, ара-арасында илеп отырамыз:

Етіміз қайнап тұр:

6-7 үлкен бас пиязды аршып, текшелеп турап ыдысқа саламыз да, қайнап тұрған еттің бетіндегі майын сүзіп алып үстіне құямыз да баяу отқа қоямыз. Бұл бізге піскен қамырдың бетіне себуге керек:

Бас та қайнап жатыр:

Енді қамырымызды жаямыз:

Жайылған қамырды біркелкі етіп кесіп, жайып қоямыз:

Ет пісуге жақындағанда (пиязды бұрынырақ, бүтіндей) аршылып, тазартылған картоп, сәбіз саламыз. Бәрі піскеннен соң сүзіп аламыз:

Оттың астын күшейтіп, қайнаған соң қамырларды бір-біреуден саламыз:

Қамыр әдемі пісу үшін бетін жауып қойған жөн. Бетін ашып пісірсеңіз қамырыңыз жұмсақ болып, езіліп кетуі мүмкін. Қамыр піскеннен соң бетіне бір кеседей салқын су құйып жіберіңіз, ол қамырлардың жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Содан кейін бірден сүзіп аласыз. Суретке түсіретін ешкім болмай қалғаны(((

Піскен бешбармақтың бетіне ет, қазы, картоп, сәбіздерджі турап, сәндейміз:

Әдетте бізде басты тартар алдында маңдайын айқастыра тіліп қояды. Ол дегені бастың жолын ашу деп біледі. Суретке түсіру үшін маңдайын тілмедім:

Кей өңірлерде бас тамақпен бірге де тартылады екен:

Немесе былай:

 

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған.

Астарыңыз дәмді болсын!

 

Енді сұрағым: Неге қойдың басын қыздарға ұстауға болмайды?

Пы/сы: Сұрақты бағалай отырыңыздар!

20 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Біріншіден: БАС пен ЖАМБАС сыйлы, кәделі, құдайы қонақтарға немесе құдаларға тартылған. Ал, төс күйеуге берілген. Бұл бас пен жамбастың қазақ дастарханындағы дәрежесі.

Екіншіден: Енді сол сыйлы қонаққа беретін (мүшені) асты бала-шаға мүжіп отырса, көрген жұрт тәрбиесіз демей ма? Ұл болсын, қыз болсын әр үйдің бір еркесі болары анық. Қонақ келіп отырғанда олар басқа жармасса не болады? Аталарымыз ол жағын ойлаған. Сондықтан, балаға бас пен жамбасты немесе жіліктің майын жегізбеген.  "Жіліктің майын жеген бала өскесін ата-анасына қарамай кететін болады" дейді. Әке-шешесінен безуден артық қасырет жоқ екендігі атаның қанымен, ананың сүтімен бойына сіңген әрбір бала оны саналы түрде жемейді. Ал, ӘКЕсін асқар тауға балаған бала "басты жеу былай тұрсын, ұстасаң, әкең өліп қалады" естіп, мүлде қол созбайды. Бас, жамбас не жіліктің майын жегізбегенде енді балаға не береді? Баланы алдаусыратып, таңдай же, тақылдап тұрасың, құлақ же жақсы әңгімелер тыңдайсың, шашөсер (желге) же, шашың өседі дейді аталарымыз. Біз соған сендік. Қыздар желкеге құмар болатын шашымыз өседі деп.

Ал, қыз балаға неге бас ұстатпаған?

Негізі ұстатпаған емес, қыздар өздері ұстамаған.Бұл ер адамды қай кезде де жоғары санап, құрмет тұта білген әдепті, ибалы, қазақ қыздардың тірлігі.

Пы/Сы: Басты ұстағаннан ешкімнің әкесі өлмейді. Егер солай болатын болса, қырғызардың бәрі қырылып қалатын еді ғой. Олар басты ең кішкентай балаға тартады. Біздің елдегі ырым емес, тәрбие.

Бекарыс Нұриман
рахмет, ағасы. Жақсы айттыңыз, ризамын!
Көркем,сенен рұхсат болса мен осы жауапты жақсы жауап деп таңдадым.
+3 дауыс
Керемет өте жақсы маған ұнады +1

Қыз балаға жалпы әйелдер бас ұстауға яғни бас бар табақты алып қонақтың алдына апарып қоюға болмайды деген ырым бар, бас силы ас үлкен аталарымызға тартылатын болғандықтан да қыздарға ол бас тартылған табақты апаруға болмайтын шығар өз ойым
рахмееет))
Көркем,сенің сұрағың:басты дастарханға апару туралы ма,әлде дастарханда отырғанда кыздар неге бас ұстамайды -дегенің бе,соны нақтырақ жазсаң?
+1 дауыс
себебі ол қыз бала, үлкендердің алдына ибалық сақтап алдына бармайды сол себепті қыздарға бас ұстауға болмайды
+1 дауыс
керемееееееет *)....Күшті. +1
+1 дауыс
Басты тек қыздар ғана емес әкелері бар жас балаларға да ұстауға болмайды, басты көбінесе сыйлы қонақтарға тартады. Ал негізі әкелері қаза болған үлкен адамдарға басты ұстауына болады, сондай ырым бар!!!
жас бала емес,негізі әкесі тірі қазақ бас ұстамайды.
+1 дауыс
Керемет тақырыпта қорғапсың +1!!!
–1 дауыс
Неғо тағам тәтті екен ! тәбетім ашылып кетті ! Қыз қойдың басын ұстаса отырып қалатын шығар
+1 дауыс
осы күнге дейін қызға қойдың басын ұстауға болмайтындығын білмеппін! Көп рахмет! Тамақ дәмдііі! Көркем осыны ұстап тұрған суретіңді жібере аласың ба? жекеге?
+1 дауыс
Себебіі ең тәтті жерлерін аталарымыз өздері жеу үшін қыздарға болмайды жеуге ана жерін мына жерін деп шығара берген ғо
+1 дауыс
УАУ! Керемееет! Жарайсың, Көркем!
рахмет жәнііііііііім
+1 дауыс
Негізі қыздар бас ұстамауы жәй ғана әдеп қой.Басты ұстаса бірдеңе болады немес аспан айналып жерге түседі дегендер өтірік
Ох! Үлкен рахмет, дәл осы жауапты күткен едім кім жазар екен деп. Ұлыңыз көпті бастаған бастық болатын болар, ИНШ!
+1 дауыс
Керемет,байқауда жеңімпаз болуға әбден лайықсың))
+1 дауыс
Суреттегі бастың тістері қағылмаған сияқты... Анам басты үйітіп пісірер кезде міндетті түрде тісін қағу керек деп айтушы еді.
қағылған, тазаланды дедім емес пе)
+1 дауыс
Көркем ЖАРАЙСЫҢ =) Ал басты админіміз Ербол мырзаға наурыз көже, шұбат қымызымен қоса тарту етіп жіберсеңіз ))
0 дауыс
Өз басым қыз бала басты мүжісе отырып қалады, анау мынау дегендермен келіспеймін.
...