+10 дауыс
2.9k көрілді

Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайтының байқауына соңғы үкілеген үмітпен қуырдақ ұсынамын! )))

Қуырдақ – жаңа сойылған малдың  өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек бүйрегінен, сондай-ақ  ішек-қарнынан ұсақтап әзірлейді. 

Қуырдақтың халқымызда көптеген түрі бар екен. Мәселен:

Бал қуырдақ – көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана куырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.
Жоңқа құырдақ – тоңазып қатып тұрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнап жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрін де суға қайнатпай-ақ майға қуырып әзірлеуге болады.
Картоп қосқан қуырдақ – сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызырғанша қуырады.  Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да  туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30-40 минут қайнатады. Бұрыш салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Картоп қосқан қуырдаққа: сиыр еті 100г, майы 60г, пияз 150г.
Қара қуырдақ – кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі,бауырдың қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.
Соғым қуырдағы – ет піскенге дейін соғым сойған,  ішек-қарын аршылған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады. Қуырдаққа көбінесе ірі қараның мойын еті, мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу оған татымына қарай тұз,бұрыш, дөңгелектеп пияз турап салады. Соғым қуырдағын  дастарқанға шаймен бірге қояды.
Үкпе қуырдақ – етті өте майдалап турап қуырады. Үкпе қуырдақтың еті майда болғандықтан,оны суға бөктіріп қайнатпай-ақ, майға қуырып пісіруге болады.

Сонымен қуырдақты дайындау үшін бізге жаңа сойылған жылқы еті (қой, сиыр), пияз, картоп, тұз қажет:

 

Қазанды отқа қойып, май құйып қоямыз да, етті және қалғандарып турауға кірісеміз:

Қызып тұрған майға етті салып, орташа отта қуырамыз. Жылқы еті ұзақ уақыт пісіруді талап етеді, сондықтан бір шама қуырамыз:

Үстінен картоп, біраз уақыт өткізіп пияз саламыз:

Бетін жауып, шамалы уақыттан соң қозғаймыз, демдеп қоямыз:

Еті мен картобының піскен-піспегенін байқап көреміз. Піскеннен соң жәйпек ыдысқа салып, сәндеп, дастарханға әкелеміз:

Астарыңыз дәмді болсын!!!

Видео-нұсқа:

Соғым демекші, сіз мал сою әдебін білесіз бе?

Пы/сы: сұрақты бағалай отырыңыз!

 

11 жауап

+2 дауыс
Дәмдісін-ай! Көркем қолын дерт көрмесің! Керемет шыққан! Жарайсын!
рахмет))
+2 дауыс
Айтарға сөз жоқ керемет екен! +1

Шыны керек өкіншке орай мен мал союды білмеймін (
рахмет)) үйренерсің)))))))
+3 дауыс
Мммммммммммм  керемет қуырдақ !!!  +1
+2 дауыс
ой пысық, андай көк шөп өсіп тұрма сенжерде уже?

Ал енді сұрағыңа жауабым, өте жақсы білмесемде бір кісідей білемін
рахмет))) иә, өзіміздің бақшадан алдым))
+2 дауыс
Жарайсыз! Дәмді болғаны көрініп тұр!!!Мал сою жоралғысынан мал басын шығысқа қаратып соятынын ғана білем.Мен мал соя алмаймын.Болашақта да соя алмайтын шығармын.Малға жаным ашып кетеді.Тірі жанды өлтіре алмаймын.
қой, құбылаға қаратса керек еді ғой?
Менің түсінігімше құбыла деген шығыс)))
Негізі онсызда қыздар соймайдығой.
Белгісіз
+2 дауыс
Қолыңнан дерт көртсем қарнымызды ашып жіберді ғой
+2 дауыс
+10 қоям (ой айтпақшы біреуден артық қоя алмаймын екенмін ғой)
+2 дауыс
Охо,дәмді көрінеді,сен келін болып түскен үйдің арманы болмайтын шығар,керемет!Мал сойғанда басын шығысқа емес,қыбылаға қаратып,төрт аяғын байлап,"АЛЛАХ АКБАР"деп бауыздайды.
рахмеет))
+2 дауыс
Бәрекелді Көркем,аспаздық өнеріңді бір көрсетіп тастадың, соғым сүйкімді болсын!Мал союға келсек сою әдебін білем,мыс пышақты малдың көзінше қайрамау,пышақты малдың көзінше жалаңдата бермеу,т.с.с,ал былайдай бауыздап көрмеппін
рахмеет)))
+2 дауыс
Шынында да дәмді көрінеді екен!!!
0 дауыс
Қуырдақ жегім келіп кетті, майы көп болып кеткен сияқты.

Ұқсас сұрақтар

...