+5 дауыс
1.1k көрілді

Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесіп, көктемгі Наурыз мейрамына қарсы "Samsung-тің наурыз көжесі" байқауының қорытындысын жариялайды.

Алдын ала келісілгендей, жеңімпаздың біреуін - Samsung компаниясы, ал екіншісін - SURAK-ZHAUAP.KZ сайтының әкімшілігі таңдап алды. Ал, жұбаныш сыйлықтарын әлеуметтік желідегі белсенділік пен әрбір тағамның талқылауына қарап, таңдап алынды.

Қатысушылардың бәріне рахмет айтып, сайттағы сапалы мазмұнның артуына үлес қосқандығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздар төмендегідей:

Микротолқынды пештерге ие болғандар - Жанат Ахметов және Көркем.

Сіздерше наурыз көже қалай жасайды?

Қыз балаға қойдың басын неге ұстауға болмайды?

Сковородка:
1) Ғазиза Ұзақ
2) Айнура
3) Майрош Темен

Енді, SURAK-ZHAUAP.KZ сайтының әкімшілігі қатысушылардың барлығының тағамдарын лайық деп тануға ұмтылып-ақ тұр. Бірақ, сыйлықтарымыздың шектеулі болғандығынан жоғарыдағы қолданушыларды жеңімпаз деп таныдық. Дегенмен, біз өз тарапымыздан лайық деп танылған тағы бір қолданушыға планшет сыйлауды дұрыс деп тапты.

Ол сыйлыққа ие болған - Ерке қыз (Айнұр Ракишева)

Барлығыңыздың қатысып, белсенділік танытқандарыңызға рахмет. Бұл байқау соңғы байқау емес. Сондықтан, алдағы уақытта да дәл осындай белсенділік танытатын шығарсыздар деп үміттенеміз.

Жеңімпаздар өз сыйлықтарын кеңсемізден алып кетулеріне болады. Егер, Алматы қаласынан болмасаңыз, осындағы таныстарыңыз арқылы да беріп жібере аламыз. Тіпті, болмай бара жатса, бізге өзіңіздің нақты мекен жайыңызды жазып жіберсеңіз, "Қазпошта" арқылы жіберуге де дайынбыз. 

Бәріңізге рахмет. Біздің Алматы қаласындағы мекен жайымыз: 

Республика алаңы, 15, 307-офис. 

+7 702 455 60 77 (Ербол Серікбай)

17 жауап

0 дауыс
Охо! барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Барлықтарыңды, жеңген, жеңілген емес бәріңді құттықтаймын!
Құттықтаймын жеңіпаздар?
 Ерке қыз (Айнұр Ракишева) сізді құттықтаймын?
Жеңістіріңіз  құтты болсын!  Жалғыз жеңімпаздарға емес басқада қатысушыларға: Осыдан кейін тоқтап қалмай, тәтті тамақтарыңмен бөлісіп отырыңыздар)) !  Тағыда жеңістеріңіз құтты болсын!
0 дауыс
Барлықтарыңызды құтықтаймын!
+1 дауыс
Тамаша! Көп рахмет! Өте қызықты, тағылымы мол байқау болып өтті.

Ербол мырза, сізге хабарласып, ала алмадым. Мүмкіндік болса, байланысқа шықсаңыз. Көп рахмет!
Сізді жеңісіңізбен құттықтаймын. Сізге жекеге хат жазып жібердім, сонда хабарлассаңыз болады.
Осындай конкурстар қашан болады тағы?
+1 дауыс
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!
0 дауыс
Өте тамаша байқау болды, ұйымдастырушыларға да, демеушілерге де, дауыс бергендерге де бәріне рахмет айтамын
+1 дауыс

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен жеңістеріңізбен құттықмаймын. 10 саусақтарыңыздан бал тамған тамаша аспаз екендеріңізді дәлелдеп шықтыңыздар деп ойлаймын. Қазақтың ұлттық тағамдарын тек қана осындай сайыстарда емес, күнделікті өмірде де дайындаңыздар. Жылдан жылға табыстарға жетіп, бұданда биік белестерді бағындыруларыңызға ізгі ниетпен тілектеспін!

 

Сұрақ Жауап сайттардың серкесі!

0 дауыс
Мен де жеңімпаздарды құттықтаймын,қолдарыңызға дерт бермесін!
+2 дауыс

Қуаныштымын))) Алғысым зор! Баршаңызға рахмет!!!heart

Көркем құтты болсын.
0 дауыс

Жарайсыңдар! Құттықтаймын!!!yes

0 дауыс
Бұл бір керемет байқаудың бірі болды!Жеңімпаздарды және басқада қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын!Мен үшін қатысудың өзі бір ерлік болды,тағы да осындай сайыстарда белсенді боламыз деген үміттемін!Рахмет көп-көп!
Байқау өте сәтті болды. Баршаңызға алғыс білдіремін !
0 дауыс
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Және де сайт басшылығына ризашылығымды білдіремін)
0 дауыс

Дауыс бергендеріңізге көп рахмет достар! Бүгін сыйлығымды алдым. Сайт әкімшілігіне осындай байқау ұйымдастырғанына алғысымды білдіремін smiley

+1 дауыс
Жеңімпаздарды өз жеңістерімен шын жұректен құттықтаймын !!!
+1 дауыс
Жеңімпаз қыздар сыйлықтарыңыз және жеңістеріңіз құтты болсын !!!
0 дауыс
Жеңiмпаздарды құттықтаймын! Игiлiктерiңiзге пайдаланыңыздар! Админ мәләдес осындай конкурстарды күтем!! Планшетке қатты қызығып кеттiмше хехе!!
Барлық қолданушыларды өз жеңістерімен құттықтаймын !

Ұқсас сұрақтар

...