Уа, жұртым! Мен ғашықпын! Наурыз көжеге ғашықпын! ))))))
"Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауды бастаған Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайтына алғысым зор! Байқау арқасында ғашығым Наурыз көжемен ертерек қауыштым))))) Жаңа Жыл құтты болсын!
Наурыз көже демекші, әр өңірдің... жо-жоооқ әр үйдің өз Наурыз көжесі, оны жасау жолының өз нұсқасы бар екен. Алдыңғы жарияланған көжелерге қарап таңданғаным рас, бірақ білуші едім.
Негізі Наурыз көже құрамына кіретін дәмдер жетеу ғана емес 21 ғой деймін. Мәселен: бидай, күріш, ноқат, маш, жүгері, перловка, айран, құрт, ет, қамыр, май, су, тұз, т,б кете береді. Әркім өз қалауы бойынша жасайды.
Менің нұсқамдағы, дұрысы біздің үйдегі нұсқасында май мен ет салса жемей қояды.
Сонымен, Наурыз кжжеге керектілер: 1. ноқат; 2. жүгері жармасы; 3. күріш; 4. маш; 5. бидай; 6. құрт; 7. су:
Ең алдымен бір күн бұрын ноқатты ыстық суға тұз салып түні бойы жібітіп қою керек:
Қалған аталмыш дүниелерді суға тұз қосып пісіріп аламыз: 1. ноқат; 2. жүгері жармасы; 3. күріш; 4. маш; 5 бидай;
Бәрі дайын болғаннан кейін бәрін арнайы шұңғыл ыдысқа саламыз:
Құрттарды алдын ала суға жібітіп қоямыз:
Суытып, жібіген құртты езіп, суын көжеге құямыз, айран қатса да болады:
Көжені суытып ішсеңіз дәміне базар жоқ!
Асыңыз дәмді болсын!
Сұрақ: Сіздің ғашығыңыз қалай жасалады?