+1 дауыс
20.7k көрілді
Адам өзінің жаман ойынан қалай арылуға болады? адам болғаннан кейін неше түрлі жаман ойлар келіп кетіп жатады ғой. жаман ойдан қалай айырылуға болады?

5 жауап

+6 дауыс
Келесілерді көрші:

1. Намаз оқы. Сонда ғана Тек таза ойларға шомыларсың. . .
2. Бәлкім, шаршадың, қажыдың...  Ұйқыңды ретке келтір, тынық, дем ал. Дәл қазір. Көп уақыт.
3. Жаман ойларды ЖАқсы Ойлармен жапсаң...      Жақсы Анекдот, Әзіл оқып, оң цитаталарды көзбен шолып, жақсі іс істе!
4. Мүмкін, еріктің...         иә, иә, бос уақытың көп шығар. Неге әр күніңді БОС УАҚЫТ ҚАЛДЫРМАЙ өткізбеске ?     Бір күніңді бәр сәт те ойланбайтындай, нагруженный қалыпта өткізетіндей График құрып, сол бойынша жүріп көр. Спорт, Кездесу, Ойын, Жұмыс.... Қайта жақсы, Ойлануға да уақыт таппай қаласың. Сәттілік.
Намазға шығыл, аяттарды жатта.
+2 дауыс
Алланы ойла , жақсы амал қыл ерінбе және де жаман  ойлар  мазаңды алған кезде өз ұнататын ісіңмен шұғылдан, көңілің сонда бөлінеді жаман ойдан
+1 дауыс
Жаман ойды ойлауға еркіндік берме. Кітап оқы, сабақ істе. Я болмай жатса далаға шығып жүгіріп кел. Осы әдеттен арылу үшін өзіңе ерік берме, болды.
0 дауыс
адамзаты жолдан уратын ол ыблыс ягны шайтан ол кезкелген иманы алсыз адамдарды жолдан урады сондыктан ыслам дининде тазалык ен басты мындет егер сыз таза ланып дарет алып калыма айтып журсеныз жаман ойдан жаман адетерден арылысыз иншалла
0 дауыс
Жаман ойдан арылу үшін, келесі әрекеттерді ұсынар едім:

1) Келген жаман ойларды параққа тізіп шығу;

2) Анализдеу. Ол ойды адам тегін ойламайды. Жаман ойды да пайда үшін ойлауға болады. Сол үшін, пайдалы және пайдасыз болатын жақтарын саралау қажет. Ескеріңіз, біреуді кінәлаушы болмаңыз. Әйтпесе, іс құрдымға кетеді. Ойлаңыз, ол ойды сіз емес, басқа біреу ойлайды. Қандай жақсы кеңес берер едіңіз, не айтар едіңіз, сондай ой ойлағаны үшін. Адам өз бойындағысынан гөрі, өзгенің бойындағысын жақсы талқылайды. Бұл табиғи қалып. Соңында шешімге келіңіз, бұл ой қажет пе, жоқ па. Өз өзіңізбен сырласыңыз. Не дейміз.  Басқамен ақылдасыңыз, өте жақсы тәсіл. Біреуді талқылағаннан ештеңе өнбейді, сондықтан, жалпы адамдар деп алып, адамдардың әрекеті деп көшіп, сол әрекеттің ішіндегі осы ойларды ойлайтындар туралы ойыңызды позитивті форматта өрбітіп көріңіз дегеннен басқа айтар жоқ.
...