Мен палауды жақсы дайындаймын.) Әрине, палауды барлық адамдар дайындайды. Бірақ көпшілігі өзбектер әзірлегендей дәмді қыла бермейді. Палау дайындау үшін алдымен етті үлкен, ал сәбізді ұзыншалап турап алады. Және күрішті салқын суға салып қояды. Осыдан кейін қазанға майды мол қылып құйып, ет пен сәбіз және пиязды қуырасыз. Қуырылған еттің үстіне күріш саласыз. Күріш қызарған уақытта аздаған мөлшерде су құйып қайнатасыз. Су азайған соң күріштің әр жерінен тесіп, бетіне полиэтилен қапшығын салып, қақпақты жауып қоясыз. Осыдан кейін піскен палау дәмді шығады.)