0 дауыс
846 көрілді
ер бала мен қыз балаға алтын күзге таныстыру болса, ақындар бар ма, бір керемет, нақты шығарып берсе, көмектесңп жіберсіздер ме өтініш

1 жауап

0 дауыс

Қыз бала:   

Сәлем  берем,  сәлем  беру  салтымыз,
Сәлемменен  сөз  бастаған  халқымыз.
Аман – есен  жүрмісіздер  жалпыңыз.
Армысыздар,  жиылған  жұрт  халқымыз

Ұл бала:

Аманбысың  ағайын  құрбы  құрдас.
Тілегі  бір  замандас  ізгі  сырлас
Кезекті  берейік  танысуға
Біз  келдік  ЭЕТ-дан  сайысуға

Ұл бала:            

Қасымда  жұбым  бар Шолпан   атты
Сұлу  да  сымбатты,  инабатты
Ортаға  қол  ұстасып  шыққан  кезде
Талай  адам  тамсанып  таңдай  қақты

Ұл бала:     

Жүзіңде  күннің   нұры  ұялаған
Мұндай   жан  жер  бетінде  туылмаған
Көркіңде  тұрар  мәңгі  арай  шашып
Танысыңдар  міне  Шолпан  осындай  жан

Қыз бала:    

Бектас  тұр  жанымда  жарқыраған
Жүрегі  ақ  көңіл  аңқылдаған
Армандап  талай  жандар  бір  көруге
Аңсау менен  түндерді  таңды  атырған


Қыз-ұл бала:           

Ортаға  қол  ұстасып  біз  шығайық
Өмірдің  шапағатын  біз  құрайық
Көрсетіп  өнерлерді  барша  жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық

Толығырақ: https://surak.baribar.kz/215489/

Ұқсас сұрақтар

...