Мектеп | 1.6k қаралды
1.6k қаралды
Бізге жақында алтын күз болатын еді. Соған іштеріңізде ақын болса таныстыру шығарып бере аласыздар ма?

1 жауап

Алтын күз таныстыру

550 жыл болды Қазақ хандығына,
Тәуелсіз ел де болдық өз алдына.
Елбасы бізге жолды нұсқап отыр,
Арнайы жыл сайынғы Жолдауында.
Мектебім Жамбыл ақын есімінде,
Түрлі сайыс өтеді мұнда күнде.
Ұстаздар терең білім беріп жатыр,
Болашақтың тірегі мына бізге.
Ауданда абыроға ие мектебім,
Үлесім бар жақсы оқып, қосқан менің.
«Алтын күз» сайысының дүбіріне,
Сайланып, дайындықпен мен де келдім.
Жылқайдар Нұрасылмын Батырханұлы,
Сайыстың бізге артар ауыр жүгі.
8- сыныптың намысын қорғап,
Озып шығам,сайыста болып үлгі.
Алтын күзде дастарқан молығады,
Көкөніс әрүдегі дастарқан сәні.
Өздігінен ол бізге келмес еді,
Бәрі де шаруаның адал еңбегі.
Еңбекпен адам жаны көркейеді,
Табысы артып, байлыққа кенеледі.
«Алтын күз» сайысында өнер көрсетер,
Менің де енді міне кезегім келді.
Руым қарабатыр Сіргеліде,
Шежірені білу шарт мына бізге.
Ата-баба тарихы «алтын сандық»,
Аш деп кілтін ұстаздар берер бізге.
Жігітке жеті өнер аз дер халқым,
Сақтаймын дәстүрі мен оның салтын.
Көрермен мені қолдап, демеуші бол,
Қазылар да бұзбасын сайыс шартын.
Демеңдер мен өнерді аяп қалды,
Сайысты бастар уақытта таяп қалды.
Бастайын өнерімді бойымда бар,
Көтеретін білімім бар «қара нарды».

Қыдырбай Жұмаділұлы

118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,552 қолданушы