+4 дауыс
386k көрілді
алтын күзге таныстыру өлеңдері керек қызбен балаға

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыз  бала:   Сәлем  берем,  сәлем  беру  салтымыз,
                    Сәлемменен  сөз  бастаған  халқымыз.
                   Аман – есен  жүрмісіздер  жалпыңыз.
                   Армысыздар,  жиылған  жұрт  халқымыз

   Ұл  бала.     Аманбысың  ағайын  құрбы  құрдас.
                          Тілегі  бір  замандас  ізгі  сырлас
                  Кезекті  берейік  танысуға
                           Біз  келдік  ЭЕТ-дан  сайысуға

 Ұл  бала:            Қасымда  жұбым  бар Шолпан   атты
Сұлу  да  сымбатты,  инабатты
Ортаға  қол  ұстасып  шыққан  кезде
Талай  адам  тамсанып  таңдай  қақты

Ұл  бала:     Жүзіңде  күннің   нұры  ұялаған
Мұндай   жан  жер  бетінде  туылмаған
Көркіңде  тұрар  мәңгі  арай  шашып
Танысыңдар  міне  Шолпан  осындай  жан


Қыз  бала:    Бектас  тұр  жанымда  жарқыраған
Жүрегі  ақ  көңіл  аңқылдаған
Армандап  талай  жандар  бір  көруге
Аңсау менен  түндерді  таңды  атырған

Қыз-ұл  бала:           Ортаға  қол  ұстасып  біз  шығайық
    Өмірдің  шапағатын  біз  құрайық
    Көрсетіп  өнерлерді  барша  жұртқа
    Иемденіп бас жүлдені біз алайық
0 дауыс
Егер де ұнаса, төмендегі өзін - өзі таныстыруды көріңіз:
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Аруларға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Атым - ..... болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - ... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
0 дауыс
Рахмет! Бызде 16 казанда Кузгы бал болады мен Ханшайым болам озыме быр таныстыру ызде алмай Шолпаннын таныстырусын карасам керемет кой деймын бул таныстыру маган жане жолдасыма !! КОП ККОП РАХМЕЕЕТ!!!!!!!
0 дауыс
Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
Томирис деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Елдос.

Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Аиша қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Нурали

Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Камила кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Ғарышкер болу арманы.Әмирді шақырсақ болғаны

Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Руфинаға,
Әдемі есім теңгерген.

Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қарсы алайық,қол соғып Нұрымды біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз

Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық Дилназды біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Руслан
Көрінген күштің басынын

Келесі ару Айзере,
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінің
Ибалы қызы ол бүгін.
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерасыл
0 дауыс

Алтын күз таныстыру

550 жыл болды Қазақ хандығына,
Тәуелсіз ел де болдық өз алдына.
Елбасы бізге жолды нұсқап отыр,
Арнайы жыл сайынғы Жолдауында.
Мектебім Жамбыл ақын есімінде,
Түрлі сайыс өтеді мұнда күнде.
Ұстаздар терең білім беріп жатыр,
Болашақтың тірегі мына бізге.
Ауданда абыроға ие мектебім,
Үлесім бар жақсы оқып, қосқан менің.
«Алтын күз» сайысының дүбіріне,
Сайланып, дайындықпен мен де келдім.
Жылқайдар Нұрасылмын Батырханұлы,
Сайыстың бізге артар ауыр жүгі.
8- сыныптың намысын қорғап,
Озып шығам,сайыста болып үлгі.
Алтын күзде дастарқан молығады,
Көкөніс әрүдегі дастарқан сәні.
Өздігінен ол бізге келмес еді,
Бәрі де шаруаның адал еңбегі.
Еңбекпен адам жаны көркейеді,
Табысы артып, байлыққа кенеледі.
«Алтын күз» сайысында өнер көрсетер,
Менің де енді міне кезегім келді.
Руым қарабатыр Сіргеліде,
Шежірені білу шарт мына бізге.
Ата-баба тарихы «алтын сандық»,
Аш деп кілтін ұстаздар берер бізге.
Жігітке жеті өнер аз дер халқым,
Сақтаймын дәстүрі мен оның салтын.
Көрермен мені қолдап, демеуші бол,
Қазылар да бұзбасын сайыс шартын.
Демеңдер мен өнерді аяп қалды,
Сайысты бастар уақытта таяп қалды.
Бастайын өнерімді бойымда бар,
Көтеретін білімім бар «қара нарды».

Қыдырбай Жұмаділұлы

0 дауыс
Алтын күзге таныстыру

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 10.10.2022 Өнер сұрақ қойды
...