0 дауыс
943 көрілді
Әртүрлі физикалық жане психологиялық ауруларды шариғат жолмен тіл-көз-дуа емдейді нөмірі 87471908923

1 жауап

0 дауыс

КӨЗ ТИЮДЕН ҚАЛАЙ ЕМДЕЛЕМІЗ?

        Адам қаншалықты Аллаға жақын болып, Оны әрдайым есіне алып әрі Құран оқып жүретін болса, ол көз тию мен жын иектеуден соншалықты алыс болады. Сондай-ақ, таңертең және кешке айтылатын зікірлер, ұйықтар алдында, ұйқыдан оянғанда, үйден шыққанда, т.б жағдайларда айтылатын дұғалар адамды сұқ көзден сақтауға әсерін тигізеді.

Ал көз тиіп, ауырып қалған адамды мына әдістермен емдей аламыз:

  1. Көз тиген адамды емдеу үшін ең әуелі егер көзін тигізген адам белгілі болса, сол адамға дәрет алғызып, сол судың бір бөлігімен науқасқа ғұсыл құйындырамыз, яғни бүкіл денесіне тиетіндей етіп жуындыру керек. 

Бұл туралы Айша анамыз (р.а): «Көзі тиген кісі дәрет алуға бұйырылатын. Сосын науқас сол сумен жуынатын», - деген. (Әбу Дәуд)

2. Науқасқа Құрандағы  «Фатиха» сүресін жеті рет, «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын, «Аятул курси» аятын, «Ықылас», «Фәлақ»,  «Нас» сүрелерін үш реттен және шипа дұғаларын оқып, аз ғана түкірік араластырып сүфілеу керек. Бұл рәсімді «дем салу» деп атайды. Алла Тағала Құранда: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз...» - деген. («Исра» сүресі, 82-аят) Ал Айша анамыз (р.а): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған көз тиюден дем салуға бұйыратын», - деген. (Муслим, Ахмад, Тирмизи)

3. Науқас адам өзі  жоғарыда көрсетілген Құран аяттарын суға оқып, түкірігін шашыратпай сүфілейді. Кейін судың біразын ішіп қалған бөлігімен денесін ысқылайды. Әбу Дәуд хасан иснадпен жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сәбит Ибн Қайс деген сахабаға суға дем салып үстіне құйғызғандығы айтылған.

Сондай ақ, дәл осы аяттар мен дұғаларды «зәйтүн майына» оқып назарланған адамның денесін сүртсе немесе зәмзәм суына дем салып науқасқа ішкізсе де болады.   Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Зәмзәм суын қандай мақсатта ішсең, сол мақсатта пайдалы», - деген.  (Ахмад, Байһақи)

4. Құранда және хадистерде келген пана сұрау дұғаларын оқу қажет. Мысалы:

«Әғузу бикәлимәәтилләһи мин шәрри мә халәқ» (Алланың кемел сөздерімен жаратқан нәрселерінің зиянынан пана тілеймін)

«Әғузу би кәлимәәтилләһит-тәммәти мин ғадабиһи уә иқабиһи, уә мин шәрри ғибәдиһи, уә мин һәмәзәтиш-шайатиин, уә ән яхдурун» (Алланың кемел сөздерімен Оның азабы мен жазасынан, құлдарының зиянынан, шайтандардың үрлеуінен және олардың келуінен пана сұраймын)

«Хасби Аллаһу лә иләһә иллә һу, алейһи тәуәккәлту, уа һуа Раббул аршил азыйм» (Алла маған жеткілікті, Одан басқа тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім, Ол - ұлы аршының Раббысы)

5. Науқасқа дем салудың келесі түрі Құран аяттарын және шипа дұғаларын оқу барысында науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды. Осман ибн Әби әл-Ас бір күні Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп:  «Иә, Алланың Елшісі, менің ауруым қатты үдегені соншалық, мен өліп кететін сияқтымын» - дегенде, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ауырған жеріңе қолыңды қой да жеті рет: «Мені мазалаған жамандықтың кесірінен  Алланың Құдіреті мен Күшіне сыйынамын» деп айт», - дегенін келтірген. 

Дұғаның оқылуы: Әғузу би-ъиззатил-ләһи уә қудратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазир.

Айша анамыз (р.а):  «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің жанұясында біреу ауырып қалса, ауырған жерін оң қолымен уқалап отырып: «Иә, адамдардың  Раббысы Алла! Сен –Шипа Берушісің, Сенен басқа жазылмайтын аурудан Айықтырушы жоқ. Ендеше, оның қайғысын кетіріп, шипа бер» деп айтатын», - деген. (Бұхари)

Толығырақ: https://asylarna.kz/ru/maqala/544

...