+1 дауыс
8.8k көрілді
Анамның қолына бір томпайған нәрсе шықты.Білегіне. Кетпегеніне бір аптадай болып қалды "уже". Сыздауыққа ұқсайды,  "көзі" бар, бірақ солқылдап ауырмайды, басса ауырады.Ауылдың дәрігеріне барса, олар "бірдеңе шаққан болар, спиртті "повязка" тарт - депті. Суықтан шыққан емес, бұл "точно". Анам "көз тиді ме екен" деп жорамалдайды. Бұл не "шишка" болуы мүмкін? Көз тию деген осы ма? Және бұндай жағдайда не істеуге болады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің көңіліме күдік тудырып тұрғаны жараның ауырмайтыны. Ешқандай қыздыратын спиртті повязка тартпасын. Оданда уақыт тауып, басқа қалалы жердің емханасына  немесе ауруханасына барып ,хирург немесе онколог мамандарға көрінсін.
қазір жазылды уже.
:)
Белгісіз
Мади, қалай кетті анаңыздың жарасы? Маған да сондай пайда болған соң сұрағаным ғой...
Анам түйежапырақ(лопух) орап тастапты "шишкаға", сосын ауызы шығып. оны сығып тастапты. Сөйтіп, жазылды.
Белгісіз
Рахмет Мади
Лопух немесе репей,қазақша түйежапырақ емдік қасиеті өте жоғары өсімдік. Өте жақсы болған екен, анаңыздың жазылғаны.Бұл шөптің тамырының емдік қасиеті жапырағынан да жоғары.Қыс мезгілдеріне тамырынан да аздап жинап алып кептіріп қойса,әйтеуір бір пайдаға жарайды. Мысалы шаштың түсуін тоқтатуға, теріге бөртпе қышымалар шыққанда осы тамырдың  қайнатпасымен денені шайып алуға болады. Бұдан басқа созылмалы асқазан ауруларында, бүйрек қуық ауырғанда , осы ағзаларға тұз жиналып немесе тас байланғанда, зәр айдағыш суық тигенде терлетіп ыстық түсіретін қасиеттері бар. Тіпті орыс ұлтының өкілдері жаңа босанған жас келіншектерге сүт шықпай жатқанда да осы түйежапырақтың тамырынан қайнатпа ішкізіп жатады. Мүмкіндік  болса, бау бақшада осындай өсімдік өссе, арам шөп деп жұлып  тастамай , күнделікті өмірде қажеттілік туғанда пайдануға жинап, тамырын қазып алып сақтап қойған жөн.
+1 дауыс
Ең дұрысы емханаға барып көрсеткендерің дұрыс. Біз сенің анаңның қолын көрмей жатып, не айта аламыз?! Айтқанымыз дұрыс болмай қалса ше?! Қысқасы емханаға барып көрсетсеңдер, не екенін біліп, соған қарай ем жасайсыңдар.
+1 дауыс
Жазғандарыңызға қарасам сыздауық секілді. Сыздатып ауыртатын болуы керек. Дәрігерлер сыздауыққ Вишневский мазьін береді. Бірақ ол шыдатпайды. Сондықтан тазалау жерде жанағц сыздауықты сығып, ішіндегі іріңдерін толығымен алып, кішкентай ғана өзегін пинцетпен алып бетіне перекись құйып микробтарын алып, қолды тазалаңыз. Болғасын жақсылап дәкемен таңып тастаңыз. Мен жазғандарды орындағаннан кейін қол мүлдем ауырмайды. Бірақ орындап жатқанда өте ауыр болады.
+1 дауыс
Суретін жіберші көрейік. Дәл тауып айтпасақта жобалап айтамыз. Бізге де түсініксіз болып тұрғаны...
+2 дауыс
Солқылдап ауырмаса онда сыздауық емес қой.Көзі болса емдеу қиын емес.Әуелі марганцовкамен жуып жіберу керек,микробтары кетеді.Сосын вишневский мазды мақтаға тамызып,жараның үстіне қойып,дәкемен орап таңып тастау керек.Вишневский  іріңін,бәрін сорып алғаннан соң тағы бір марганцовкамен жуып жіберіп,жәй ғана мақтаны таңып қойса болады.Мақта өңез ба өмез ба сондайын сорып алады да келесіде шықпайтын болады.
...