+2 дауыс
3.1k көрілді
Қазақтың салтында тіл көз тию деген ұғым бар. Көз тимесін деп үйіміздің төріне, көліктерімізге, кішкентай балаларымыздың киіміне түйреуішпен КӨЗ іліп қоямыз. Ислам жағынан қарасақ бұл ұғым дұрыс емес делінеді. Бұл қаншалықты рас?

10 жауап

+3 дауыс
Меніңше рас, кейбір адамдардың көзі болады-мыс, олар қараған адам ауырып қалады екен, бұндай кішентай балаларда болады
+3 дауыс
Жаңа туған нәрестеге болсын, орта жастағы,кәрі адамға да көз тиеді. Сол үшін адам мойнына тұмар тағады. Ол адамды көз тиюден сақтайды. Көз тиген адамның көзі кіртиіп, ауырады. Егер ол жас туған нәресте болып, көз өтіп кетсе шетінеп кетуі де мүмкін.
+1 дауыс
иә,көз тию деген болады,кез келген адамға көз тиеді,көбінесе көздері жасыл адамдардың көздері өткір болады,сәл нәрсеге таң қалса көзі өтіп кетеді,кейде көз тиген адамдарды аластаған кезде олардың қолынан көздің суреті шығады дегенді естігенмін....
+1 дауыс
Шариғатта көз тиiу деген бар, бiрақ тұмар жағын бiлмедiм, смотря тұмардың iшiне не жазылған, не салынғанына да байланысты болар. Шариғатта бiр адам затыңа, бұйымдарға қызығушылықпен қарағанын байқасаңыздар, Аллаhтан оғанда сол нәрселер бұйыруына дұға етiңiздер делiнген, себебi көз тиiу бар нәрсе.
+1 дауыс
Орынбасар,  мен сіздің ойыңызға мүлдем келімпеймін, қателеспеулеріңізді сұраймын. Адамды қорғайтын тек АЛЛАХ!!! Аллахтан ғана аман болуымызды тілеуіміз керек.

Салқын жүрек --- Холодное сердце, сіздің бұл естігеніңіз өтірік. Қолдан көздің суреті шығады деген мүлдем миға симайтын нәрсе. Сондықтан бұндай алдамшы нәрселерге сеніп, қате жолға түсіп кетпеуіміз керек, әрине тек Аллахтан дұға тілеу арқылы!

Бостандық  яғни Freedom, сіздің ойыңызбен келісем)
+1 дауыс
Көз тию бар нəрсе. Көз тигеннен адам ауырып қалады. Мен өзім туралы бір оқиға айтып берейін. Кішкентай кезім болатын. Үйге қонақтар келсе əн айтқызып қоятын. Содан бір күні қатты ауырдым. Мазам жоқ, тамақтың бетіне де қарағым келмейді, оған қоса ішім де ауырып отыр. Ішіме үй емімен тұз жағып берген анашым. Мен сырға, моншақ т.б əшекей бұйымдарды жақсы көретінмін. Құлағымда ұзын сырға болған жəне олардың көздері болған(көз болғанда тас қой). Жарты күндей ауырдым. Жазылғаннан кейін қарасам 1 сырғамның тасы түсіп қалыпты. Бір кісілерден естігенім бар еді көз тимеу үшін көзі бар нəрсе тағып жүру керек деп, сонда адамның көзі сол адамға емес көзге түседі деген. Сол есіме түсіп кетті. Ол шындыққа жанасады деп ойлаймын. Көзі бар, яғни тасы бар сырға, сақина т.б нəрселер тағып жүрген артықшылық етпейді. Бірақ именно көзмоншақ, тұмар таққан деген Аллаға серік қосу делінген. Бұл өмірде неше түрлі адам біле білмейтін ғажайыптар, тылсым жайлар бар ғой.
–1 дауыс
Бұл ырым тек қана қазақта емес, көптеген халықтар да бар, мысалы орыстар "сгазиль" деп жатырса, европалықтар "джинкс" дейді, Көз тиеді деген рас нәрсе, ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша адам бір нәрсеге таңғалғанда немесе сүйсінгенде бөлек энергия бөлетіні жөнінде гипотезалары бар.

Бірақ әр адамда әр түрлі болады, кейбіреулердікі өте күшті болады. Менің көршім көзі бар адам (бірақ көзі адамға емес техникаға, затқа көзі тиеді) үйінің қасында талай машина бұзылып қалғанын өзім көріп жүрмін, менің де талай затымды сындырды (кесіп жатырған пышағың, ара, балталарды момент сындырады)

Әр адамның сеніміне байланысты болар мен түйреуіш неболмаса басқа көзі бар заттар одан қорғайды дегенге сенбеймін, мүмкін көмегі болар

Ал исламға келер болсақ, егер шынымен көмегі тиетін болса неге пайдаланбасқа, Құранда да, Мұхаммед Пайғамбардан кейін (с.ғ.с)  сөздерінде де ешқандай медецинаға деген еш тиым салынбаған, ол да медецинаның бір түрі, кез келген дәрігерден сұраңыз аурудан жазылу жартылай маған байланысты, жартылай өзіңе байланысты дейді, Яғни жазылам деп сенсең организміңе көп әсерін тигізетіні психологтар дәлелдеген

Мә құрсын мыжып, мылжыңдап кетіппін ғой ))) ұят болды-ау ренжімеңіздер))) Тек өз ойымды айтып жатырғаным ғой
0 дауыс
Көз болмаса да жылтырақ әшекей тағып қоямыз,кішкентай балаға,жаңа туған сәбиге көз тимеу үшін.Бірақ ондайға қатты сеніп қажеті жоқ.
0 дауыс
Исламда көз тию деген ұғым бар, оның Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар да айтқан.
0 дауыс

Көз тиюінен қорғану үшін

Сұрақ: Көз тиюінен қалай сақтануға болады?

Жауап: Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.

 

Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі тиетін біреу болған. Үш күн ешнәрсе жемей кейін сыртта өтіп бара жатқан түйеге қарап «мына сияқты күшті түйе көрмедім» деп айтуымен түйе жерге құлап ауырып қалатын еді. Мүшриктер бұл адамды тауып пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрайды. Хақ та’ала расулуллаһ алейһиссаламды оның көзінен сақтады. Бұл турасында Қалам сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құртпақшы болды.» деген 51-ші аяты түсті.

 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Көз тиюі хақ.» (Муслим)

 

«Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді.» (Ибни Ади)
 

«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі.» (Табарани)

 

Көз тиген адам төмендегі дұғалардың бірін немесе барлығын оқуы керек:

1- Фатиха, Аятүл-күрси, Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас сүрелерін 7 реттен оқып ауру адамға үрлесе, дуаланған, көз тиген және басқа да барлық аурулар үшін жақсы болады. Тұзға оқып, сол тұзды суға ерітіп ішуге де болады. Бір хадис шәрифте: «Фатиха мен Аятүл-күрсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді» делінген. (Дәйләми)

 

2- Бір хадис шәрифте: «Таңертең және кешке(бисмилләһпен) 3 рет “Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәмаи уә һуәссәмиул-алим” дұғасын оқыған адам дуаланудан және көз тиюден сақталады.» делінген (Ибн Мажә)

 

3- Аятул-күрси, Фатиха, Фәлақ, Нас сүрелерін және Қалам сүресінің соңын оқып жүру өте жақсы болады. (Мәдариж)

 

4- Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” Фәлақ және Нас сүрелерін оқып былай деді: «Осы екі сүремен(бәлелерден, көз тиюінен) қорғаныңдар! Ешкім ешнәрсемен осы екі сүремен қорғанғандай қорғана алмайды.» (Әбу Дауд)

 

5- “Әузу би-кәлимәтилләһиттәаммәти мин шәрри күлли шәйтанин уә хаммәтин уә мин шәрри күлли айнин ләаммәтин”дұғасын таңертең және кешке 3 мәрте оқып өзінің үстіне немесе ауырып қалған адамның үстіне үрлесе көз тиюінен, жыннан, шайтаннан және жануарлардан келетін зияндардан қорғайды.(Мәуахиб)

 

6- Пайғамбарымыз “алейһиссалам” көз тиген адамға“Аллаһүммә барик фиһи уә лә тәдарруһу” дұғасын оқитын еді. (Ибн Сүнни)

 

7- Әрбір адам, әсіресе көзі тиетін (өтетін) адам бір нәрсені көріп, оны ұнатса “Машааллаһ” деп айтуы керек, айтатын сөзін одан кейін айтуы керек. Бірінші көрген сәтте “Машааллаһ” деп айтса көзі тимейді. Хадис шәрифте: «Ұнатқан нәрсені көрген кезде “ Машааллаһ лә қууата иллә билләһ” деп айтса ол нәрсеге көз тимейді» деп айтылған. (Бәйһақи)

 

8- Көз тиюден қорғану үшін “аяти хырз” деп аталатын аяттарды оқу керек және өзімен бірге тұмар қылып алып жүру керек.

 

9- Хазреті Ибн Абидин “Рәддул-мухтар” кітабында былай дейді:

“Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою жаиз. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында расулуллаһ “Бақшаңа малдың бас сүйегін іл” деп бұйырады. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді..”

Көзмоншақ таққан адам егер осы мақсатта тағатын болса жаиз болады.

 

10- Тиуәлә, тәмимә және әфсун жаиз емес. Мағынасыз немесе күпірлікке себеп болатын руқя (дуа, сиқыр) сөздерін оқу әфсун деп аталады. Осы нәрсе көз тиюден қорғайды деп сенілетін көзмоншақтар тәмимә (талисман) деп аталады. Махаббат бойтұмары деп аталатын, ішіне жұбайының сүйіспеншілігін тарту үшін дуа, сиқыр сөздерін жаздыру және оған сену тиуәлә деп аталады. Руқя дегеніміз оқып үрлеу немесе өзімен бірге алып жүру деген сөз. Руқя Құран аяттарымен және хадистерде білдірілген дұғалармен жасалса, тауиз деп аталады. Тауиз жасау жаиз. Хадис шәрифте: «Емнің ең жақсысы Құран кәрім» делінген. (Ибн Мажә)

 

11- Хазреті Имам Раббани шәкірттерімен жол жүріп бара жатып бір жерге қонақтайды. Хазреті Имам Раббани: «Түнде бір пәлекет келеді. (Бисмилләһпен) “Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын 3 мәрте оқыңдар.» дейді. Сол түні үлкен өрт шығып, барлық бөлмелердегі заттар жанып кетеді. Ал дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. Дерт, пәлекет, фитнә, сырқат, көз тиюі, сиқыр және залымдардың қастандығынан қорғану үшін таңертең және кешке хазреті Имам Раббанидің айтқанын еске түсіре отырып осы дұғаны 3 мәрте оқу керек. Хадис шәрифте де былай делінген:

«“Бисмилләһилләзи лә ядурру мәасмиһи шәйун фил арди уә лә фиссәма-и уә һуәссәми’ул алим” дұғасын таңертең 3 мәрте оқыған адамға кешке дейін, кешке оқыған адамға таңертеңге дейін пәлекет келмейді» (Ибн Мажә) 

 
...