0 дауыс
13.6k көрілді
Қоршаған ортаны қорғауым келеді. Сондықтан сұраймын

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек;

Қоршаған ортаны қорғағым келеді депсіз, жақсы ой. Себебі, қоршаған ортаның ластануы әлемді толғандырған алдыңғы қатарлы мәселе болып отыр. Глобалды жылыну, теңіз және мұхиттардың ластануы және тағы басқа мәселелер адамзаттың келешек өміріне қауіп төндіруі мүмкін . Одан өзге ауаның ластануы,  әрі кетпей-ақ Алматы қаласының белгілі мәселесі  смогты атап кетуге болады. Машиналардың түтініндегі газдың өзінде адам денсаулығына кері әсер келтіретін қаншама газ бар. Тағы айтсам, жылыту станцияларының отындарынан шығатын газдар; Айтсаң бітпейтін мәселелер көп,оны түбегейлі жою мүмкіндігі жоқ. Себебі, күнделікті қажеттілік бола тұра, зиянды заттардан бас тартам деп бағзы заманғы салтпен өмір сүріп кетпейміз ғой?! 

Алайда, қоршаған ортаға келетін зардап мөлшерін азайтуға болады. Оны әркім өзінен бастау керек. 

Сондай-ақ, өндіріс орындарының жауапкершілігін арттырған дұрыс деп ойлаймын. Себебі, қоршаған ортаға келетін көптеген зиянның көпшілігі сол тараптан. Сұрақ өте ауқымды болған соң мен ойымды толық айта алмаспын, бірақ , бұл мәселені шешу жолында кейбір әлемде қолданысқа еніп жатқан жасыл технологияларды атап көрейін:

1) қоқысты қайта өңдеп қайта қолданысқа енгізу 

2) пластикалық бір реттік бұйымдарды тез ыдырайтын материалдармен алмастыру ( авакадо дәнінен жасалған бір реттік қолдану ыдыстары)

3)Глобалды жылыну әсерін азайту мақсатында СО2 газын жұтатын арнаулы сорғыштар орналастыру ( Канада). 

4) зауыттар мұржасына зиянды газдарды тұтып қалатын фильтрлар орналастыру

және тағы басқа.

 Күнделікті қажеттілікті өтеу мақсатында және  ластанудың салдары бірден біліне қоймағандықтан адамзат еріксіз қоршаған ортаны ластауын жалғастыруда. Бұл жағдай Қоғамның білім деңгейі мен мәдениеттілігі өсе келе шешілетін мәселе деп ойлаймын. 

0 дауыс

Расында да көріп тұрғандарыңыздай қазіргі таңда техника дамып қоймай түрлі зауыттардың,көліктердің түтіні экологияға үлкен зиянын тигізуде!Демек ластанған ауа біздің ден-саулығымызға да зиянын тигізетіні ақиқат.Семейде болған напалён жарылысы қаншама қазақтың өмірін ойран қылғанынан хабардар болармыз.Сіздің экологияны қорғау үшін не істеу керек?деген сұрағыңыз өте орынды.Сұрағыңызға жауап:есік алдына тал егу жəне оларға дұрыс күтім көрсету.Күтімді қаншалықты дұрыс көрсетуге болатынын ғаламтордан тауып алуыңызға болады.Сонымен қатар қоқысты қоқыс жəшігіне салып жүруіміз керек!себебі жерге түскен қоқыс түрлі теңіздер мен мұхиттарға ұшып барып,балықтардың азығына айналып,қырылып жатқан сан алуан балықтар жапа шегіп қырылып жатыр.

0 дауыс
Ауаны ластамау керек
...