0 дауыс
396 көрілді

Тақырып: Бұл күндері Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 стансасының №4 энергоблогында қызу жұмыс. Заманауи, тиімділігі жоғары электрсүзгі жылдың соңында іске қосылмақ. Бұл жабдықты сатып алып, орнатуға барлығы 2 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Алып стансадағы бұл жұмысты іске асыруға жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлер бар, жалпы 100-ден астам адам жұмылдырылды. Осыдан екі жыл бұрын алдыңғы екі электр сүзгісі №5 және №6 энергоблоктарға орнатылды. Екібастұздың ГРЭС-1 стансасында электр сүзгілерін орнату жөніндегі бағдарламаны келесі жылы аяқталады. Ол зиянды күлді аулаудың тиімділігін 99,6 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Электр сүзгісі электродтарға берілетін қалыпты тоқтың жоғары кернеуінің көмегімен қатқыл заттарды ұстап қалып отырады. Бұдан соң күл арнаулы пластиналарға қондырылып, жинақталады да, сілкіп отыру механизмінің арқасында төменгі корпуста орналасқан қордалағыш бункерлерге тасталады. Электрлі сүзгіні Lodge Cottrell Limited (Ұлыбритания) жасап шығарған. Станса мамандарының айтуынша, электростатикалық электр сүзгілері Ұлыбритания, АҚШ, Корея және т.б. сияқты елдердегі озық электр стансаларында пайдаланылып келеді екен. Станса ұжымы ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны уақтылы іске асыруға белсенді.-Ал бұл бағдарлама жалпы өңірдің экологиялық ахуалының жақсаруына көмегін тигізетініне сенімдіміз, – дейді «Қазақмыс» компаниясының Отын-Энергетикалық кешенінің бас директоры Николай Коробовский. Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасы – белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысады. Стансаны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақмыс Тобы» иеленіп отыр. Ал, пайдаланатын негізгі отыны – Екібастұздың тас көмірі. Стансада өндіріліп шығарылған электр энергиясының басым бөлігі еліміздің энергетикалық нарығына жіберіледі.

Осы тақырыпқа өз пікірлерінді жазындарш жарты беттен асу керек пікір вордқа салып жазғанда.Менің жазған пікірім аздау болып тұр.Жауап күтем!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

...