0 дауыс
33.2k көрілді
Маған қоршаған ортаны қорғау үшін ңұсқаларды жазып берінізші

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. 

Адамның тіршілігінде қоршаған ортаның ластануы ерекше орын алады. Бір немесе бірнеше ластаушы заттар немесе олардың қоспалары белгілі бір мөлшерде қоршаған ортаға түсіп және ұзақ сақталса,ол адамға,жануарға,өсімдіктерге үлкен қауіп туғызады.
Қоршаған ортаның ластануы ластаушы заттардың көзі мен олармен байланысты факторлардың әсерінен болады. Жалпы, қоршаған орта екі түрлі жолмен ластанады: табиғи және антропогенді.
Табиғи ластаушы заттардың көзі болып табылады:
Космохимиялық (фотохимиялық процестер,шаңды борандар немесе желдер)
Вулкандық құбылыстар
Геохимиялық процестер(жердің беткі қабатындағы Озон,SO2,ауыр металдар,H2S,NO2,CO,табиғи радиациялық фон,полициклді ароматикалық көмірсулар-табиғи концарогенді заттардың көзі ретінде,ормандағы өрттер және т.б.)
Биотикалық процестер(гуминді заттар, өзендердің табиғи эвтрофикациясы).

 Антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

0 дауыс
Қоршаған ортаны қорғау үшін  өзен көлдерге қоқыс тастамау керек

Жерге қоқыс тастамау керек арнайы қоқыс жəшігіне салу керек
0 дауыс
1ағаштың бұтақтарын сындырмау керек

2гүлдерді жұлмау керек

3қоқыс тастамау керек

4суды ластамау қажет
...