0 дауыс
2.4k көрілді
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі саласы  мамандарының табысы қанша? Қазіргі таңда сұранысқа ие ма?

1 жауап

0 дауыс

МАМАНДЫҚ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАРЫ

  • студенттерде әлеуметтік –тұлғалық қасиеттерді – әлеуметтік жауапкершіліктерін, жетекшілік қасиеттерін, ұжымды басқара білу, жанжалды реттеу, мақсатқа талпынушылық қабілеттіліктерін, лезде өзгеріп отыратын ортада бейімделе білуге, әлеуметтік өзара әрекеттестікке араласа білуге, төзімділік қабілеттілігін, кәсіби қызметінде ынтасын көрсете білу, инновациялық шешімдер қабылдай білу, шығармашылық мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттіліктерін, өзінің кәсіби және мәдени деңгейін арттыра білу, соның ішінде өзінің одан ары білім алуын жалғастыра білу қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту;
  • мамандық бойынша жедел жұмысқа тұру және кәсіби өсу үшін жұмыс күші нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау салаларында кәсіби дағдыны қалыптастыру жөніндегі базалық пәндерді сапалы түрде игерту үшін жағдай жасау; жоғары кәсіби білім берудің екінші сатысына (магистратура) көшу үшін шығармашылық әлеуетін, ынтасын және жаңашылдығын дамыту;

Түпкі нәтижесі 5В073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша түлектерді сапалы даярлау болып табылады.
Міндеттері:

  • өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану, төтенше жағдайларда қорғау салаларындағы ҚР Конституциясының негізгі ережелерін, заңнамаларын және нормативтік актілерін игеру;
  • толыққанды, сапалы, кәсіби білім алу үшін және қауіпсіздік, басқару және өндірісті ұйымдастыру саласында кәсіби құзіреттілікті игеру үшін;
  • шығармашылық әлеуетін, ынтасын және жаңашылдығын дамыту үшін, дамудың жоғары жалпы интеллектуалдық деңгейіне қол жеткізу үшін, сауатты сөйлеуді, қоғамдық мәдениетті, жоғары адамгершілік, этикалық және құқықтық нормаларды, ойлау мәдениетін, еңбекті ұйымдастыру дағдыларын игеру үшін;
  • кәсіби қызметке қажетті еңбекті қорғау, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, радиациялық, химиялық, биологиялық және өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде терең білімдерін қалыптастыру үшін;
  • қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларда қорғау, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына негізделген табиғи және техногенді процестер жөніндегі материалдарды талдай және жинақтай білу үшін;
  • алған білімдерін кәсіби қызметінде пайдалана білу үшін және жоғары базалық білімнің келесі сатыларында білімін жалғастыру үшін.

БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Мамандықтың кәсіби қызметі сферасы:
экономиканың барлық салалары, соның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл шаруашылығы мен қазыналық шаруашылықтар, пайдалану мен өндіріс сферасы, тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардан қорғау, экологиялық қызметтер мен еңбекті қорғау мекемелері

Мамандықтың кәсіби қызметі аумақтары:
ретінде табиғатты құрайтын, техногенді, әлеуметтік, ақпараттық жүйелер мен олардың құрауыштарына, су, жер, биотикалық және де басқа ресурстарға әсер ететін ұйымдар мен кәсіпорындар; тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қатерлердің алдын-алуға мүмкіндік беретін, төтенше жағдайлардан қорғау, технологиялық жүйелер мен тораптарды пайдалану мен әзірлеу мен енгізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар; жобалық-ізденушілік институттар мен бюролар, фирмалар мен басқа да меншік формалары

Мамандықтың кәсіби қызметі пәндері:
Тіршілік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау, төтенше жағдайлардан қорғануды қамтамасыз ететін инженерлік имараттар, қондырғылар, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар, химиялық, биологиялық, радиациялық қауіпсіздік

БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ

1) адам өмірінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
2) еңбекті қорғау

ӘР ТРАЕКТОРИЯ БІРЕГЕЙЛІГІ

1) «Адам өмірінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» траекториясының бірегейлігі:
Бакалаврлар тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау мен төтенше жағдайлардан қорғану талаптарын бұзуға негізделген табиғи және техногенді үрдістер туралы; тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың заманауи талаптарына негізделген адамзаттың және адамның көп функционалды қызметі туралы, қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін жылдам шешу үшін қажетті танымның алдыңғы ғылыми әдістерінің мүмкіндіктері туралы мен оларды өз деңгейде қолдана білу.
2) «Еңбекті қорғау» траекториясының бірегейлігі:
Мамандану бойынша бакалаврлар барлық дағды мен икемдерді игеруде:
- еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігінің жағдайын құру бойынша жұмыстар жүргізу;
- еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқаулықтар жүргізу;
- қоршаған орта мен еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша талаптарды орындауды бақылауды жүзеге асыра білу.

ӘР ТРАЕКТОРИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

«Адам өмірінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» траекториясы
Білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі талаптары мен қоршаған ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану мен тіршілік қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардан қорғану саласында заңды және нормативті-техникалық актілерін;
- қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі саласындағы стандарттау, сертификациялау мен техниканы өлшеу принциптерін;
- қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін шаралардың экологиялық-экономикалық және техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау әдістерін;
Істей алуы тиіс:
- қазақ, орыс және шет тілдерін білу дағдыларын, икемдерін және білімдерін жетілдіру, біліктілікті, құзыреттілікті, ғылыми ой-өрісті, білім деңгейін арттыру бойынша өзінің потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру;
- ақпарат өнімдерін қолдану мен ақпараттарды іздеу, жинау, сақтау, өңдеу үшін компьютерлік техника мен ақпарат құралдарын қолдана білу; - өзінің кәсіби қызметінің сипатын өзгертуге немесе жұмыс істеу аясын кеңейтуге дайын болу.
Қабілеттілігі:
- төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі саласында білімдері мен дағдыларын тиімді пайдалану;
- төтенше жағдайлардан қорғану, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігі саласында заңды, нормативті-құқықтық базасындағы сұрақтарға;
- төтенше жағдайлардан қорғану, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігі саласындағы шараларды ұйымдастыру, жүргізу мен бақылау сұрақтарына;
- ұйымдардың, кәсіпорындардың жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды, экологиялық және техникалық құжаттарды құру және әзірлеу сұрақтарына;
- эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында;
- төтенше жағдайлардан қорғану, қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігіне қатысты кәсіби қызметінің барлық аспектілеріне
«Еңбекті қорғау» траекториясының
Білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі талаптары мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік экология мен тіршілік қауіпсіздігі, сонымен бірге радиациялық, химиялық, биологиялық және өрт қауіпсіздігі сұрақтарын; - еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жүргізілетін шаралардың техникалық-экономикалық тиімділігн бағалау әдістерін. Істей алуы тиіс:
- өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби түрде жүзеге асыру, ағымдағы және болашақтағы жұмыстар бойынша мақсаттар мен міндеттерді қоя білу, кішігірім ұжымда жұмысты жоспарлай білу;
- еңбекті қорғау туралы ақпаратты талдай білу, қорғанудың тиімді тәсілдерін таңдай білу, қажетті материалдарды таңдай білу мен ғылыми-техникалық ақпаратты талдай және іздей білу;
Қабілеттілігі:
- ұйымдардың, кәсіпорындардың жоспарларды, бағдарламаларды, жобаларды, экологиялық және техникалық құжаттарды құру және әзірлеу сұрақтарына;
- эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласында;
- еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігіне қатысты нормативті-құқықтық, заңды базаларының сұрақтарына;
- еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігіне қатысты шараларды ұйымдастыру, жүргізу және бақылау сұрақтарына.

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША БІТІРУШІЛЕРДІҢ БІЛІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (ДУБЛИНДІК ДЕСКРИПТОР НЕГІЗІНДЕ)

Дүниетанымдық құзыреттілік(ҚД)танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
Кәсіби құзыреттілік (ҚКС) кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау.
Зерттеушілік құзыреттілігі (ҚЗ)берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
Коммуникативті құзыреттілік (ҚКМ)әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
Өзіндік менеджмент құзыреттілігі (ҚӨ)жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету



https://www.vkgu.kz/kk/page/5v073100-bezopasnost-zhiznedeyatelnosti-i-zashchita-okruzhayushchey-sredy.html

...