0 дауыс
3.2k көрілді
Көпшілік алдында  Жасыл ел бағдарламасына қатысты сөз сөйлеуім керек болып тұр,  сөзісді бастап не жайлы  айтсам болад? Болмаса мысалы болса жақсы болар еді. Алдын ала рахмет!

3 жауап

+1 дауыс
Сөз сөйлей алмасаңыз орныңызды сөйлей алатын адамға босатқан дұрыс сияқты.
Өз еркім болса орныма басқа біреуді ақ жиберер едім, апайым атымды маған айтпай жазып жиберген, амал жоқтан шығуым қажет болып тұр.
Чичи, ассалау! Сайтта не жаңалық?
0 дауыс
Жасыл ел туралы сөздерді интернеттен тап та жаттап алсашы.
0 дауыс

Сәлем! Біріншіден, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Екіншіден, айтатын сөзіңізді реттеп, көп сөйлеп (көп мылжың) керек емес. Бастысы, не айтсаңызда түсінікті, әрі нақты жеткізсеңіз болғаны. Сөйлейтін сөзіңізді қағаз бетіне түсіріп, тіліңізді жаттықтырып алыңыз. Сөйлеген кезде нақты дәлелдерді қолданған жөн. Осылай бастасаң: 

2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасының бастамасымен "Жасыл ел" бағдарламасы кең қанат жайды. Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат тұтады. 

Тәуелсіз мемлекетімізде 2005 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары (пәленше) жылдан бері (Түгенше) өңірінде де белсенді қызмет атқарып келеді. 

Ұйымның басты мақсаты - жастардың көмегімен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.

Жасыл елдегі жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Ескерту: Бұл мәтіндегідей айту, жаттап алу маңызды емес! Тек сөйлеген сөзіңді, ойыңды тыңдаушыға жеткізе білсең болғаны.

Ақпарат алынды: сілтеме

...