+4 дауыс
992 көрілді
мен көпшілік алдында айтайын деп жатқан сөзімді ұмытып қаламын,өзім бөлек отырғанда  судыратып,күшті ырғақпен айтамын,ал  қалай сахнаға шығам,солай бәрін ұмытамын, еңбегімнің бәрі босқа кетеді,қаншама тырыстым ішімнен  қазір бәрін  айтып шығамын ,ұмытпаймын деп те ұмтылдым,бірақ бәрбір ұмытып қаламын, талай сайыстарда осы жаттауды ұмытып қалғанның әсерінен бас жүлде ала алмай қаламын,көмек берсеңіздер достар

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз-өзіңе деген сенімділік , қайсарлық керек және өзіңді-өзің қайрай біл !
0 дауыс
мен де ұмытып қала беремін,ол үшін ең алдымен өзіне сенімділік қажет,мен солай жеңдім
+2 дауыс
Про миттiң айтқанына қосылам, менде де болған көпшiлiкпен қарым қатынас жасап үйренуiң керек және әр кезде ұялшақ болуыңды тоқтат!
+1 дауыс

Қара көзілдірік және маска киіп алып шықсаң жаңылмайсың рас

0 дауыс
Өз өзіңе сенімді болып шықсай Сонда ұмытпай айтасың
0 дауыс

менде алгашында умытып калатынмын.Жалпы адам биринши озин ози психологиялык турде дайындау керек жане адам сахнага тек жарыс болатын кезде емес кобине шыгып бой уйрету керек.Айтпесе корерменнин мысы басады.Коп уайымдап ертен калай айтып шыгам,умытып каламба деген ойлар адамды тез жукартады.Сондыктан бар ойын соган ауып кетуи мумкин.

+2 дауыс

Ой, менің сахнада талай рет позорым шыққан ғой, просто менің даусым анық, жарқын шығатын болған соң мұғалімдер қоймайтын... Талай рет айтып жатқан сөзімді жарты жолда ұмытып қалып, басымды изеп жылап кетіп қалған кездерім болған, ал сосын жай жай үйренеді екенсің, ең алдымен былай істеп көр көмегі тиер:

 

- Сахнаға көп шығып үйрен*

- Үйде айнаға қарап, немесе үйдегі бір адамға айтар сөзіңді дайындалып жаттығып көр (көмегі бар)

- Адамдармен көбірек араласуға тырыс*

- Сахнаға шыққан кезде басыңды тік көтеріп, еңсеңді түсірмей бір точкаға қарап айт, отырған халыққа қарасаң ойыңнан жаңыласың*

- Сосын көбірек әдеби кітаптар оқып, көбірек сөйлеп, тіл байлығыңды дамыт, сол кезде сахнаға шыққан кезде жаттаған сөзің ар жақтан өзі келе береді*

- Одан кейін өзіңнің іс-әркетіңді бақыла, сахнаға қалай шығып, қалай жүретіңді дайында*

- Сені қолдайтын адамдарды көбірек қойылымыңа шақырсаң, біраз поддержка болады)*

- Микрафонмен сөйлеп үйрен*

 

и сосын класстартар, группаластарың алдында жаттаған сөзіңді айтып көр, оларды шағын көрермендер ретінде есепте, әлі де олардың алдында айта алмасаң, сахнада күшті айтамын деп армандамай-ақ қой)))
...