+5 дауыс
3.5k көрілді

Мен адам көп жинаған әрі бейтаныс ортада тым жақсы дайындалған нәрсемді ( баяндама) ұмытып-ақ қалам, ұмытпаймын-ау әйтеуір айтып шығам, бірақ шыны керек, қатты қобалжып, не айтып не қойғанымды білмейтін күйге душар болам. Осыдан қалай құтылса болады?

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Сенде сенімділік жетпейді....... Сен ең әуелі өзің айтайындеп тұрған сөзіңнің  сол арада айтылғаны дұрыс па? деген сұрақпен алыс асың және де осы дайындаған сөзімді дұрыс айтып жатырмын ба? көпшілік оны қалай қабылдайды? деген сұрақтармен алысып тұрғанда айтатын сөзіңді ұмытып қаласың.... мен баяндамма жасағанда алдын ала тақырыпшалардың тізімін дайындап аламын. Сосын сол тақырыпшаларға қарап аламда сол тақырыпшалар бойынша сол мезетте ойыма не келеді соны айтам, әзірге жаман болған жоқ...... тек тақырыпшалардың орнын ауыстырып алмау керек, бір рет ауыстырып алып баяндаммам теріс қарай оқыған сияқты болып шықты.... ең бастысы жасайтын баяндамманы мазмұндық тұрғыда жақсы түсініп ал, себебі жаттанды баяндаммада бір сөзді жоғалтып алсаң баяндаммаңның мағынасын жоғалтып аласың.... сәттілік!!!!!

Рахмееет)))

+7 дауыс
Көпшілік алдына шығар кезде өзіңді өзің дайындап ал. Іштей мен қобалжымаймын,  мен барлығын дұрыс айтып шығамын деп дайында. Ондай қобалжу менде де, сенде де, барлық адамда болады. Мен де маңызды бір жағдай болатын кезде қатты қобылжып, не істегенімді білмей қаламын. Сондайда өзіңе өзің демеу беріп, өзіңді өзің тоқтатуға тырыс.

Рахмет...)

+4 дауыс
Треннинг саған жүргізуің керек...

Дайындық және дайындық...

Сонда қандай тренинг? Неге дайындық дейсіз?

+3 дауыс
Өзіңді басқара білу керек!!! Дайындық пайындықтан еш пайда жоқ! Жаттадың ба, көпшілік алдында өзіңе сенімділікпен ойыңды тек өз ісіңе бөліп сөйлесей
+4 дауыс

Өзіңе-өзің сен!!! "Мен бұны жақсы айтып шығамын" деп өз-өзіңе қуат бер!! )))) Өзіңді өзің мақтасаң, сенімділік пайда болып, сенің күш-қуатыңды арттыра түседі)) Ешқашан: "Мен бұл нәрсе істей алмаймын, қолымнан келмейді!" деп өзіңді тежей берме!! Алға ұмтыл, жақсылап дайындал! Қобалжу, әрине болады. Бірақ, сен оны жеңе біл! Яғни, сен өз талантыңды көрсете білуін қажет!

...