0 дауыс
1.0k көрілді
Менде жұмысым бар, мінезім жақсы, жігіт атаулыдан, махаббат пен сүйіспеншіліктен көңілім қалды. Себебі, менің тез сеніп, тез алданып қалатын жайым бар... соған ұяламын. кейде жалғыздықтан қараңғы жерде қалғанда, көп ойланам, не стерімді білмеймін. Кім үшін, не үшін өмір сүріп жүргенімді де білмеймін. Не досым да жоқ сырласатын, тек анам мен бауырларым, әпкелерім бар, бірақ ... олармен ашық сөйлесе алмаймын, себебі, 1-ден мені түсінбейді, 2-ден олардың да өз проблемалары жетіп жатыр. Күнде Алладан тек Анамның амандығын тілеумен боламын.

Маған қандай ақыл айтасыздар?

1 жауап

0 дауыс
Ең алдымен қандай болып өзгергің келеді, қай бағытта соны айқында және үнемі бағдарда ұста! 1-жұмысқа немесе үйге жақын жерден би студиясына жазыл, басында қиын болғанмен нағыз миды сергітер, тамаша жер! 1 сағаттық демалыс миға, ал денеге салауатты ырғақ! 2- кітап дүкенінен жеке тұлғаны дамытып, алға жетелеуге күш беретін, көп мақсаттарға жетелер кітап алып оқыңыз! Жұмысыңыз бойынша маман ренінде шыңдалуға мақсат қойыңыз! Курстарға жазылып, өз мүмкіндіктеріңізді дамытуға іс атқарыңыз! Осыларды қолға алсаңыз, әлі-ақ өзіңізге риза болып, сенімділігіңіз артады! Сізге бақыт және жақын жандар тілеймін!

Ұқсас сұрақтар

...