+3 дауыс
4.1k көрілді
Өмірде өзіңмен бір бағытқа қарайтын, талғамы, мақсаты, арманы бір адам жолықтыру қиынның қиыны... Жолықтыруын, жолықтырасың-ау... Бірақ кейбірінің сөздері тілінде ғана қалып жатады... Амалында жоқ... Алланың сөзі болған "уәдені" орындамай жатады... Орындай алмайтын уәдені бермеуі керек.

* * *

Адамның әлеуметтік статусы, қоғамдағы орыны, биік мінберлерден сөйлеген сөзі амалында болмаса, құны - 5 тиын

* * *

Алла жар таңдаудан қателестірмесін... Екіжүзділіктен сақтасын! Сөзімізге ісіміз сай болсыншы...
‪#‎ӨмірденТүйгенім‬

Өмірне тағы неден қателесуге болмайды? Алып қосар ойларыңыз бар болса айта отырсаңыздар.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қателіктер тыныс белгілері сияқты.

Оларсыз өмір мәнсіз мәтінге айналады.

-Х. Мураками-

  • Әлемде қате пікір, қате көзқарас болмайды. Тек басқа ой, басқа пікір ғана болады.
  • Ең үлкен қателік - қателесуден қорқып ештеңе істемеу немесе өз қателігін түзетпеу. Бірақ бәрінен жаманы - өзгенің қателігін кешіре алмау. 
  • Бәріміздің ескермейтін ағаттығымыз - бәрін кейін істеуге уақыт табылады деп ойлайтынымыз сияқты.
  • Кім де болсын бұрын білмеген нәрсені алғаш рет істегенде қателік жібереді емес пе? Бұрын өмір сүріп көрген кім бар дейсіз. Бәріміз алғаш рет өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?! Сондықтан қателіктердің де өзіндік мәні, рөлі бар. 
0 дауыс
адам өмірде өзін табудан қателеспесе болғаны қалғанынан міндетті түрде қателеспейді, кейде қателік жібергенде дұрыс, сабақ ала білсеңіз. өмірді сол қателік арқылы түсіне білсеңіз. өмір сонысымен қызық, адамның қандай екенін тани аласыз. саттілік сізге!
0 дауыс
Қатені көп етпегеніміз үшін да өмірді жақсы білмейміз !!!
...