0 дауыс
2.2k көрілді
Мен өте ашушаңмын,, болмашы нәрсеге бола ренжіп қаламын, айналамдағылардың бәрін ренжітемін, олардың көңіліне қарамаймын. Сосын біраздан соң ішімнен жаңағы ашу кетеді де өкінемін неге ренжіттім екен деп,, ксосын өзім барып кешірім сұраймын. Осы ашу ішімде басталады да мен өзім сол адамды ренжітіп болған соң басылады. Бұны қалай өзгертсем екен. Осы мінезіммен барлық адамды өзімнен алшақтатып жүрмін.

2 жауап

+1 дауыс
Сізге кеңесім тезірек дәрігерге тексеріліңіз.
0 дауыс
Кітаптар оқыңыз, мінезді тұлғаны өзгерту шыңдауға арналған кітаптар көп қой. Менде сондай болғам 6 жыл бұрын, ашу келіп ақыл кететін, ақылың орнына келгенде бәрі кеш болатын! Сосын ашулансам ақылымнан айырылмау үшін үндемеуге тырысып жүрдім, сабырлы болуға тырыстым, кейін өкініп қалмас үшін ашуланба ашуланба деп өзімді іштей тежедім. Ең бастысы төзім ғой, мен өз қалағаныма қол жеткіздім. Қазір жанымдағы адам ұрсысқысы келіп айғайласа да, сабырмен байсалды жауап қатамын. Артынан ол адам өзі кешірім сұрап, сабырлы болғанын қандай жақсы, рахмет, менікі қате болдау, ашуым келіп тұрған ана нәрсеге, саған айғайладым деп тұрады. Күлкілі естілгенімен рас нәрсе!
...