+2 дауыс
34.9k көрілді
Иммунитет деген не? Қалай оны арттырамыз...

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұраққа жауапты Маржан жалпылама жазған екен. Нақтырақ әрі қарапайымдау айтсақ: иммунитет дегеніміз -  ағзаңыздың кез келген ауруға төтеп бере алу қабілеті ғой. Жанынан  өткен адам түшкірсе ауырып қалатын адамдар бар, яғни иммунитеті әлсіз адамдар. Немесе үй ішіндегі жандардың бәрі тұмаумен ауырып жатса да сап-сау жүретін адамдар болады, бұлар иммунитеті күшті адамдар. Ол тек қана ішек жұмысына байланысты емес. Әдетте кез келген ауруға дәрі қабылдай беретін адамдардың иммунитеті әлсіз болады. Өйткені антибиотиктерді көп ішкеннен ішек қызметіне зақым (дисбактериоз)  келіп, ол аллергияға алып келеді. Әдетте аллергиямен ауыратын адамдарды иммунитеті әлсіз адамдар деп жататыны сондықтан. Витаминдерді неге қабылдамасқа? Алдын ала қабылдаңыз. Ең бастысы - денені шынықтыру ғой. Қимыл-қозғалыс кезінде адамның қан айналысы жақсарып, бұлшық еттері қалпына келеді. Сөйтіп, кез келген ауруға төтеп бере бастайсыз. Сосын, әрине, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, т.б.
+3 дауыс

Иммунитеті, яғни қорғаныш қабілеті төмен адамдарға әр түрлі ауру үйір келеді. Әсіресе қазіргідей тұмаудың «қыдырып» жүрген кезінде иммунитетті күшейтудің маңызы зор. Кім де болса мұндайда түрлі витаминдерді қабылдау керек деп түсінері анық. Олай ойласаңыз қателесесіз.

Адамның иммундық жүйе­сінің 70 пайыздан аса жасушалары ішекте болады. Ішек­те сондай-ақ ауру тудырғыш «бөтен» микробтарды өлті­ретін бактериялар тұрады. Оларды ішектің «солдаттары» десе де жарасады. Өйткені бұл бактериялар ағзадағы им­мундық жасушыларды қолдап отырады және аминқышқылдар мен витаминдерді өнді­реді. Егер ішекте бұл микроорганизмдер аз болса, онда әлгі «бөтен» бак­териялар үс­темдік алып, адамды ауырта бастайды.

Ең алдымен көп қимылдаңыз. Дененің ырғалуы ішектің бұлшық еттерін қалпына кел­тіреді. Ал белокқа бай тағамдар, әсіресе ет ішектің жоғар­ғы бөлімдерінен бастап сіңеді де, «бөтен» бактериялар тамақсыз қалып, әлсіздене бас­тайды. Түрлі тұздықтар бұл процесті күшейтеді, сондықтан етке бұрыш салыңыз немесе дәмдеуіштер қосып же­ңіз. Тамақтан сағаттан соң 2 ас қасық өсімдік майын іш­кеңіңіз тіпті жақсы. Ұйықтаудан жарты сағат бұрын бір стакан айран ішкен дұрыс. Ондағы қышқылсүтті бактериялар асты қорытуға көмектеседі.

Иммунитетті күшейту үшін кебектен жасалған нан, қы­рыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайда­лан­ған жақсы. Терапевт немесе гастроэнтерологқа көрініп, олар ұсынған дәрілерді қа­былдауға да болады. Дәрі­герлер дисбактериозға ұшы­раған адамға пробиотиктер тағайындауы мүмкін. Бұл «бө­тен» микробтарды жойып, «өзіңіздің» бактерияларға тағам болатын препарат. Олар дәріханаларда рецептісіз бе­ріледі дегенмен, дәрігер ке­ңесінсіз оны қабылдамағаныңыз жөн. Ал ең бастысы, күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтаныңыз. Сонда иммунитетіңіз күшті, деніңіз сау болады.

0 дауыс
Иммунитет немесе оджас - оны ертеде индустар өмір қуаты деп атаған. Жүріс-тұрысымыз, ақыл-ойымыз - бәріне қажетті қуат осы өмір қуаты немесе иммундық қуат. Ол азайған жағдайда адам организмі түрлі ауруларға тез шалдығады, әлсіздік пайда болады. Біздің жеген тамағымыз 8 түрлі өнімге айналады, 7-ші өнім - ер адамдардың шәхуаты, 8-ші өнім - өмір қуаты. Осыған орай бейберекет жыныс қатынасына түсетін адамдардың иммундық қуаты азайып, тез қартаяды. Иммундық қуатты толықтыру тәсілдері: ұйқы мен тамақтану тәртібін сақтау, көкөніс тағамдарын көбірек жеу, таза ауада серуендеу, мұздай суға шомылу, салауатты өмір салтын ұстану. Денсаулық сақтаудың қарапайым, қолжетімді тәсілдері туралы толығырақ  http://meninvestormun.com/ блогының денсаулық айдарынан білуге болады.
0 дауыс
ия жоғарыда аталған кеңестермен толықтай қосыламын. сондай-ақ мынаны айта кеткім келеді, кей адамдар ағзаға ең керекті дәрумен қандай   дейді , негізі ең керек ең керек емес деген дәрумен болмайды, бәрі керек , бірақ күз -қыс айларында С-дәруменін қолданудық пайдасы зор. ол жіті респираторлық вирусты жұқпаларға керемет қарсы тұрады. ДЕНІҢІЗ САУ БОЛСЫН!!!
0 дауыс
Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине бүндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, івирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы түра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштьиқ қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды қүртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі. Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөле-ді. Осыида клетка ішінде кандай іпроцестер орын алатыны жөнінде толық мағлүмат жоқ. Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитөттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций түздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы ікүресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады: Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол түқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың — жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады. Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны та,биғи -жағдайда қабылдаған ммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгі-зу) лайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады. Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға іқарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселеқадамдар шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге болады. Бүнда организм зиянды әсерге әзі иммунитет қүрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. «Сибирь жарасына» қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2—10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет күраушы заттар пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру қоздырғыш микроб-тардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар қанының сары суында қорғаныш заттар — антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бүл түрақсыз иммунитет, оның үзақтығы 2—3 жүма-ақ. Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.
0 дауыс
бул аурудын дариси - иодомарин
0 дауыс
Иммунитет адамның ағзасы организмнің ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін сондай ақ  ГЕНЕТИКАЛЫҚ  табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
6 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Қайрат спорт 16.10.2016 Тазалық сұрақ қойды
...