+1 дауыс
12.6k көрілді
Қыс жылы болып кетті,  қар жаумайтын болды дей беретін едім.  Міне енді нағыз қыс басталды,  екі күннен бері тоқтаусыз қар жауып тұр. Күн суытса ауыра беретіндер де көбейеді, әсіресе жас балалар  тұмау, ангина, т.б .  Дәрігерге апара қалсақ  иммунитеті нашар,  иммунитет  төмен деп шығады.   Осы  иммунитетті  төмендетпей   өз деңгейінде ұстап тұратын тағамдар мен дәрумендер тізімін   жаза кетсеңіз? !
Барлық жауаптар үшін көп көп рахмет.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Қызанақ.Оның құрамында ағзаға керекті органикалық қышқылдар В1, В3, В6, В9, Е дәрумендері бар. С дәруменіне де өте бай.



Жаңғақтар.Күніне 100 грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, қанның құрамындағы холестериннің деңгейі төмендейді. Кедр жаңғағының құрамында холестеринді май бар. Жүрекке пайдалы жаңғақтардың бірі – бадам.



Кептірілген өрік.Калий, магний, темір және фосфор балғын өрікке қарағанда кептірілген өріктің құрамында өте көп болады. Кептірілген өрікті қаназдықта, көздің көру қабілеті нашарлағанда, жүрек ауруларына нығайтушы құрал ретінде қолданады. Ол қантамырларының бекітіліп қалуын болдырмайды және қатты ісіктерді жұмсартады, терінің жұмысын жақсартады.



Шабақ балық.Шабақ балықтың құрамында триглицерид мөлшерін азайтатын омега-3 май қышқылдары бар.



Шоколад.Қара шоколадты күнде аз-аздан жейтін болсаңыз, ол атеросклерозды тоқтатады.



Көк шай.Көк шайда қара шайға қарағанда кофеин өте аз болады. Ол – жер бетіндегі ең пайдалы 150 тағамның қатарында.



Апельсин.С дәруменіне өте бай. Мамандар дәрі ішпес бұрын цитрусты жемістерді көбірек жеуге кеңес береді.
Дерек көз: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/24378/
0 дауыс
спортпен шұғылдану керек. сосын жемістер мен көкөністерді көптеп жеу керек)
+1 дауыс
Қар жауғаннан кейін жылы киініп серуендесе иммунитет табиғи жолмен көтеріледі. Егер иммунитет әлсіз болса, өзім 2 рет пайдаланғаным, әсері жақсы, зиянын көрмедім деп иммуналды айта аламын. Қалай қолдану керектігі қағазында жазылған. Ал қазір пайдаланып жүргенім Доктор Тайсс Эхинацей настойка ішіп жүрмін. Иммунал да бұл да ішуге арналған настойка, Негізі адам уақытылы құнарлы режимін сақтап тамақтанып жүрсе, дене қимылы мен демалысы үйлесімді болса, тұмаудан сақтануға болады. Доктор Тайсс ОРВИ мен ОРЗ алдын алуға тиімді.
+2 дауыс
Балықтың еті, көкөністер, жеміс-жидектер, ет-сүт-жұмыртқа өнімдері пайдалы
+1 дауыс
Адам иммунитеті (организмнің қорғаныс деңгейі) қыста және көктемнің басында витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігінен төмендейді. Ондай жағдайды болдырмаудың ең оңай тәсілі - тамақпен қосып жуа (пияз) және жаңа дайындалған сәбіз салаттарын жеу. Сәбіз салат болмаса, шикі сәбізді жей бер, тәтті және пайдалы ))
0 дауыс
Жеуге болатын пайдалы иммунитетті көтеретін тамақтар.
...