+1 дауыс
39.8k көрілді
Иммунитетті қалай көтеруге болады?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Иммунитеті, яғни қорғаныш қабілеті төмен адамдарға әр түрлі ауру үйір келеді. Әсіресе қазіргідей тұмаудың «қыдырып» жүрген кезінде иммунитетті күшейтудің маңызы зор. Кім де болса мұндайда түрлі витаминдерді қабылдау керек деп түсінері анық. Олай ойласаңыз қателесесіз.

Адамның иммундық жүйе­сінің 70 пайыздан аса жасушалары ішекте болады. Ішек­те сондай-ақ ауру тудырғыш «бөтен» микробтарды өлті­ретін бактериялар тұрады. Оларды ішектің «солдаттары» десе де жарасады. Өйткені бұл бактериялар ағзадағы им­мундық жасушыларды қолдап отырады және аминқышқылдар мен витаминдерді өнді­реді. Егер ішекте бұл микроорганизмдер аз болса, онда әлгі «бөтен» бак­териялар үс­темдік алып, адамды ауырта бастайды.

Нә­тижесінде дисбактериоз пайда­ болып, ол ішектің иммундық жүйесінің жасушаларын қысады. Со­ның салдарынан адам тұ­мауға тез шалдыққыш, аллергиялық ауруларға бейім болып шыға келеді. Тіпті бүй­ректе құм пайда болуы, те­рі мен шаш әлсізденуі, адамның көңіл күйі бұзылып, күй­зеліске ұрынуы да мүмкін. Ал мұндай жағдайда өз бетінше емделу ешқандай нәтиже бермейді.

Адамды әлсіретіп, иммундық жүйесіне шабуыл жасайтын дисбактериоз күніне 1-2 рет қана тамақтанатындарда туындауы мүмкін. Ондай жағдайда керекті деңгейде қоректенбеген «өзіміздің» бактерия­лар әлсірейді де, «бөтен» ми­к­­робтар бас көтере бастайды­. Ал адам мұндайда суықтап қалдым екен деп дереу анти­биотиктер қабылдауы мүмкін. Бұл дәрілер ауру тудырушы микробтарды ғана емес, «өзі­міздің» бактерияларды да өл­тіреді. Сондықтан ампициллин, амоксициллин, бисептол және гентамицинді өз бетіңіз­ше қабылдамаңыз. Өйткені олар қатерлі антибиотиктер қатарына жатады. Ал пенициллин, левомицетин, цефазолин, фторхинолон, эри­тро­­мицин, азитромицин, рокситромицин және мидекамициннен қорықпауға болады. Дегенмен дисбактериоздан абай болу үшін және кейінірек ішек проблемалары болмасын десеңіз, дәрігермен кеңескен жөн

Қорқыныш, невроз, жиі күй­зелу, іш қату да иммундық жүйені әлсіретіп, дисбактериозға апаратын төте жол. Сондай-ақ күн сайын іші­ңіз­ден естілетін қорылдау­лар,  іштің кебуі, ауыздан шығатын жаман иіс те осы аурудың белгісі болуы мүмкін. Ал оны болдырмау үшін не істеуге болады?

Ең алдымен көп қимылдаңыз. Дененің ырғалуы ішектің бұлшық еттерін қалпына кел­тіреді. Ал белокқа бай тағамдар, әсіресе ет ішектің жоғар­ғы бөлімдерінен бастап сіңеді де, «бөтен» бактериялар тамақсыз қалып, әлсіздене бас­тайды. Түрлі тұздықтар бұл процесті күшейтеді, сондықтан етке бұрыш салыңыз немесе дәмдеуіштер қосып же­ңіз. Тамақтан сағаттан соң 2 ас қасық өсімдік майын іш­кеңіңіз тіпті жақсы. Ұйықтаудан жарты сағат бұрын бір стакан айран ішкен дұрыс. Ондағы қышқылсүтті бактериялар асты қорытуға көмектеседі.

Иммунитетті, яғни ішек «солдаттарын» күшейту үшін кебектен жасалған нан, қы­рыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайда­лан­ған жақсы. Терапевт немесе гастроэнтерологқа көрініп, олар ұсынған дәрілерді қа­былдауға да болады. Дәрі­герлер дисбактериозға ұшы­раған адамға пробиотиктер тағайындауы мүмкін. Бұл «бө­тен» микробтарды жойып, «өзіңіздің» бактерияларға тағам болатын препарат. Олар дәріханаларда рецептісіз бе­ріледі дегенмен, дәрігер ке­ңесінсіз оны қабылдамағаныңыз жөн. Ал ең бастысы, күніне 3-4 рет, уақытылы және дұрыс тамақтаныңыз. Сонда иммунитетіңіз күшті, деніңіз сау болады.

Ақпарат көзі: http://www.zamana.kz/home/1-latest-news/1454-imunitet.html
+3 дауыс

https://surak.baribar.kz/6359/   осы жерде толық мәліметтер бар!

 

+3 дауыс
Құнарлы тамақтар іш, көкөніс, жеміс-жидектер т.б Ен бастысы мөлшермен жеген дұрыс.
0 дауыс
Tanerten aw karynga zere maiyn iwiniz(tmin). Birak, bul tek sebep ekenin umytpanyz, rezultatty Allahtan kutemiz.
+1 дауыс
Taza auada kobirek juriniz
0 дауыс
Шұбат пайдалы. тағы басқа пайдалы дәрумендер ішуге болады.
0 дауыс
Иммунитетті қолға аласыз да жоғары қарай көтересіз. Сонда иммунитетіңіз көтеріледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Қайрат спорт 16.10.2016 Тазалық сұрақ қойды
...