0 дауыс
2.0k көрілді

Жүгірудің адам организміне пайдасы:

Жүгіру барысында бұлшық еттердің көбі белсенді жұмыс жасайды. Ол денеңіздің физикалық формасы мен төзімділікті арттырады. Сау әрі шыныққан бұлшық ет - тән саулығына апарар жол. 
 Жүгірген уақыттта организм түгелдей қозғалады. Нәтижесінде физикалық әсерге жауап ретінде тер бөлінуі пайда болады. Бұл жақсы, себебі организмді термен бірге шығатын улы заттар мен қалдықтардан тазалауға көмектеседі. 
Жүгіру - күйзелістен арылу не жеңудің тиімді әдісі. Физикалық жаттығулар жасаған уақытта организмде бақыт гормондары бөлінеді. Ол жүгіруге де қатысты. Оған қоса, мұндай жаттығулар жаман ойлардан арылуға көмектеседі. 
Жүгірудің нерв жүйесі мен иммунитетке тигізер ықпалы мол. 
Кез-келген спорт түрі сияқты, жүгіру де өзіңді жеңуге, қайратыңды шыңдауға көмектеседі. Өз кезегінде ол өзін-өзі бағалауды арттырып, адамды өзіне және күшіне сенімдірек етеді.

Таңертең жүгірудің қандай пайдасы бар?

1 жауап

0 дауыс

1. Жүрегіңізді қатайтады.

Күніне 10 минут жүгірудің өзі сізді жүрек-қан тамыр ауруларынан аман сақтап қалады.

2. Көңіл-күйіңізді көтереді.

Жүгіру кезінде қуаныш пен ләззат алу гормонын сезінесіз.

3. Буындарыңызды қатайтады.

Жай жүрістен гөрі жүгірудің пайдасы көбірек. Өйткені остеоартроздың алдын алып, буындарыңызды қатайтасыз.

4. Калорияңызды азайтасыз.

Жарты сағат жүгіріп, көптеген калориядан құтыла аласыз. Ал егер желге қарсы немесе тауға қарай жүгірсеңіз, онда одан да көп калорияңызды азайтуға болады.

5. Аяғыңызды әдемі етеді.

Жүгіру барысында аяғыңыздың барлық буыны жұмыс жасайды. Сондықтан ол әдемі әрі тартымды көрінеді.

6. Ішіңізді қатайтады.

Жүгіру арқылы ішіңіздегі артық майдың бәрінен оңай арыласыз. Сонымен қатар ішектерңіздің құрылысы мен қызметін жақсартады.

7. Жұмыс тәртібі күрделі адамдарға да келе береді.

Жұмыстан қолдары босамай, жаттығу залына баратын уақыт таппай жүрген жандарға да ыңғайлы. Өйткені 10 минут жүгірудің өзі сіздің денсаулығыңызға көп әсерін тигізеді.

8. Төзімді қылады.

Жүгіруді күнделікті әдетке айналдырған адамдардың айтуы бойынша, жүгіру адамды төзімді қылатын қасиетке ие екен.

9. Медитация секілді әсер етеді.

Көптеген жүгіруші жүгіру кезінде белгілі бір мәселеге сырт көзбен қарап, одан шығудың оңай жолын табуға мүмкіндік болатынын айтады. Оған қоса жүгіру күйзелістен құтылуға көмектеседі.

10. Қалаған уақытыңызда айналыса аласыз.

Би, жүзу, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің белгілі бір тәртіптері бар. Ал қалаған уақытыңызда жүгіруге сізге ешкім кедергі келтіре алмайды. Тіпті дәл қазір жүгірсеңіз де өзіңіздің еркіңізде.

...