0 дауыс
6.8k көрілді
Иммунитетті қалай көтеруге болады? Нені жеген дұрыс? Қалай толса болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


Иммунитет дегеніміз — ағзаның антигендік қасиеті бар бөгде заттарды қабылдамауы, әртүрлі инфекциялық ауру қоздыратын бактериялар мен вирустарға, антигендік қасиеті бар бөгде заттардың әсерлерінің ықпалына ағзаның қарсы тұруы.

Иммунитетті көтеру аса қиын емес, иммунитетті көтерудің қарапайым тәсілдері қысқа мерзімде иммунитетіңізді көтереді және нығайтады. Оған иммундық жүйе жауап береді.

Иммундық жүйенің ерекше қызметі — ағзадағы зиянды микробтар мен вирустарды алдымен оқшаулап, содан кейін жояды. Өкінішке орай, үнемі ағзаға осындай заттар түсе берсе, күресе–күресе иммундық жүйе әлсірейді. Сондықтан денсаулығыңыздың мықты болуын қаласаңыз, үнемі иммундық жүйеге көмектесіп, оны көтеріп, нығайтып отыруыңыз қажет.

Иммунитетті нығайтудың қарапайым тәсілдеріне келсек:

1. Денені шынықтыру:

Жылдам жүру: Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл күй жақсарса, иммунитет көтеріледі. Дене шынықтыруды жайлап бастау керек, бірден ағзаға көп күш салып, зорықтыруға болмайды, біртіндеп жүйелі түрде ағзаға түсетін күшті көбейтіп, ұлғайтып отыру керек. Мысалы, жылдам жүру, 1-күн 1 шақырым (жағдайыңызға қарай 500 метрден бастасаңыз да болады), содан кейін күнде 5 шақырымға дейін қосып отырасыз. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеу емес, жылдам жүру пайдалы.

Салқын сумен құйыну: иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаныңыз жөн, алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет құйынып, соңыра көбейтіңіз. Иммунитетті көтеру үшін контрасті душ та болады, бұл біресе салқын, біресе ыстық сумен құйыну, бірақ ыстық-суық алшақтығын бірте-бірте 10-15 күн аралығында көбейтіңіз.

2. Спортпен шұғылдану, фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.

3.Тамақтану арқылы да нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет.

Ал қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорытуға ағзадағы пайдалы заттар кетеді де, иммунитет әлсірейді.

Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран, йогурттар ас қорыту жолдарын пайдалы бактериялармен толықтырып, зор үлес қосады.

4. Әрине, иммунитетіңіз сақталып, нығая түсу үшін іш қатудан сақтаныңыз.

5. Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар мен шырындар бар: Тамыр дәрі (женьщень) тұнбасы, қытай лимоншасы және элеутерекок тұнбасы, итмұрын шырыны. Пайдаланардан бұрын нұсқауларын оқыңыз, ағзаңызға жақпай қалуы мүмкін, абзалы дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн.

6. Иммунитетіңіз мықты болсын десеңіз, барлық уақытта күліп, көңілді жүріңіз.

http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=56140
0 дауыс
Құрамы витаминге толы нәрселерді жеңіз

Балық, ет-сүт, жұмыртқа өнімдерін

Жеміс-жидектерді жеңіз
0 дауыс

Осылар ғой, жей бересің ғой, қанша керек.

қыз ғой ол хехех

Ұқсас сұрақтар

...