0 дауыс
516 көрілді

Бір топ зерттеушілер баланың өмірде жетістіктерге жетер, жетпесін мектептің бастауыш сыныптарынан-ақ білуге болатындығын жариялады. Бұл үшін бала мінезінің кейбір жақтарына назар аудару керек екен.

«Жетістіктерге жауапты» мінездің ерекшелігі ретінде психологтар қырсықтықты атаған. Бірақ қырсықтық жағымды тұрғыдан көрінуі керек: балада өзіндік пікір болып, оны бала беделді адамдардың алдында қорғаудан қорықпауы керек.

Сонау 1968 жылы басталған бұл зерттеуге 700-ден астам балалар қатысқан. Зерттеуде ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, балалардың зияты, оқу үлгерімі мен тәртібі ескеріліп, бұл жәйттер кейінгі ересек шағындағы қызметіндегі жетістіктерімен және табыс деңгейімен салыстырылған. Зерттеу нәтижесінде сәтті карьераның кепілі болып жауапкершілік, ынта және авторитарлық билікке қарсыласа білу табылатындығы анықталған. 

1 жауап

0 дауыс
Қазақ тілі мемлекеттік деңгейдегі қолданыста болса әр қазақ баласы жетістіктерге жетеді,   өйткені Қазақстанымыз тек қазақ ұлтына ғана керек.  Ал орысша оқыған, орыстармен бірге жүріп өскен адамдарда Қазақстанға деген ұлттық патриоттық сезім болмайды,  олар 90 процент ресейге бүйрегі бұрылып тұратын болып өседі.

Ұқсас сұрақтар

...