+1 дауыс
727 көрілді
Жігіттер үйленгенге дейін қандай жетістіктерге жетіп үлгеруі керек?

5 жауап

+2 дауыс
Тұрақты жақсы жұмысқа тұру керек және үй салып үлгеруі керек.
+1 дауыс
Үй салу,машина алу,жақсы бір жұмысқа кіру тағысын тағы.Өзімше осылай жағдайымды келістіріп алып,содан соң үйленем ғой деп жүрген бойдақтың бірімін.Бірақ бұл жүрісімде дұрыс емес шығар деп ойлаймын кейде.Аталарымыз бекер айтпаған ғой бас екеу болмай мал төртеу болмайды деп.Ризық,несібесін Аллах Тағала құрған отбасыммен бірге беретін шығар бәлкім,мен осылай дүние қуалап жүргенде.
0 дауыс
Əр жігіттікі индивидуально
0 дауыс
Иә, уй саламын, жұмысқа тұрамын, машина алып бірақ үйленемін деген жігіттер 40-45 жасқа дейін жүріп қалады үйлене алмай. Ал 40 жасқа келген кісіге сосын кім тиеді, қазір сондайлар көбейіп кеткен.Жас кезде үйленіп болған соң да үй салуға, машина алуға жұмысқа тұруға көп мүмкіндіктер де уақыт жетеді, есесіне балалары ерте өсіп жігіт болып әке-шешесіне көмектесетін болады. 40 жаста үйленсең кәрі қызға (егер қыз болса?), сосын балаларың 20 жасқа келгенде өздерің қанша жаста боласыңдар? Масқара ғой.

Ең мықты жетістік ерте үйленіп көп балаларды тәрбиелеп өсіру, үй болу.  Ал жұмыс, машина ол екінші, үшінші планда  деп ойлаймын.
+1 дауыс
Жұмысы болса және ақылы болса болды.Ар жағын екеулеп алып кетеді ғой.Дүние деген мәңгілік емес)
...