+1 дауыс
6.3k көрілді
Жетістік дегеніміз - күнделікті істелінуі керек заттардың істелініп тұруы? Осы сөзбен келісесіз ба?

5 жауап

0 дауыс

Менің жетістіктерімнің сыры неде?

18 жылдық өмірімді еске алсам, жетістіктерім мектеппен байланысты екен. Күніне 6сағатымды мектепте, тағы 8сағатымды ұйықтасам, қалған 10сағатымды отбасыммен өткізіппін. Бұл орташа есеппен. Ояу жүрген өмірімнің жартысы мектепте, жартысы үйде өткен ғой сонда. Достарымның арасында беделді болу,статусымды 8жыл қатарынан ұстап тұру - адамдармен қарым-қатынас жасау өнерінің арқасында екен. Мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас жасағандықтан, кейбір қателіктерімді "əдемі көздерім" үшін кешіретін. Солай, үздік аяқтадым. Мектеп кезіндегі ең үлкен сынақ - ҰБТ ғой. Ол да солай, жаңа мектепке көшкенде тіл табыса білу өнерімнің арқасында тағы да жетістікке жетіп, жақсы топбасшы болдым. Оның үстіне, мұғалімдер де маған аянбай білімдерін құйды.

Сонымен, жетістігімнің сырын түсіндім. Бірақ мен өзімді бұл өнерден хабардар емеспін деп ойлайтынмын. Себебі, мен интроверт болатынмын. Мен бұл өнерді үйренбей тұрып осындай жетістікке жетсем, бұл өнердің қыр-сырын түсінген соң не болмақ деп ойлана бастадым. Содан бері мен психологияға қызығамын.

Расында, даналық - ең үлкен нығмет. Бірақ оны тек ақылдылар ғана түсінеді демекші, маған Жаратушы көп артықшылықтар беріп қойыпты. Өзімді соншалықты данамын деп айта алмаймын. Бірақ мен адамдарды жақсы түсінемін. Олар сөйлеп бастамай-ақ оларға жаным ашып, не сезініп, не ойлап тұрғанын жақсы түсінетіндеймін. Бұған келгенде мен өте сезімтал, жараланғыш, аяушымын. Бірақ таяқтың екі ұшы болатындай, кейде жгрегіңе бəрін жақын қабылдап, эмоцияға беріле бермеген де дұрыс сияқты.

Эмоцияны басқару да - өнер.

+1 дауыс
Мұнда екі нəрсені аңғаруға болады: түймедейді түйедей қылмау немесе пілді қалай жеу керек. Қалай болғанда да, бұл жазба өткен жылдан осы жылға қайта көшірілді. Жақсы, ұстанымды анықтадық. Ал енді, жылдар бойы жиналған тізімді байланыстырып жүйеге салып көргім келді. Келесіге тоқталдым. Бəрі қарапайым, қорықпаңыздар. (Немесе сен ойлағандай күрделі емес, Симпо) Жұмыстың формуласын кім біледі? А=N/t (бұл тоқталуыма ұстазым түрткі болды). Жақсы А жұмыс бізден миымыздың энергиясын талап етеді жəне бұл шығындарды қысқарту керек. Бірінші ұстаным қандай да бір іс-əрекет істеуге шақырса, екінші формула оның тиімділігі мен нəтижелігіне көңіл бөлуді еске түсіріп отырады. Бəрі қарапайым. Жинаған ақпараттарым осы база негізінде түсініктірек болмақ. Себебі, өмір сүру сапасын жақсартатын лайфхактарды екі сөреге реттестіре берсе болады: N жəне t.
0 дауыс
Бұл жетістікке жатпайтын сияқты, бұл пікірмен келіспеймін...Бір күнде жоспарлап екінші күнде орындалатын болмашы іс әрекеттер бұл ауыз толтырып айтарлықтай жетістік емес секілді. Күнделікті жасауы керек заттарының жасалып тұруы бұл тек болмашы ғана материалдық жағдайға байланысты орындалатын зат сияқты..Жетістікдеп мен мысалы: өзі өмірден өтседе артында қалған оны еске салып тұратын ізі бар тұлғалардың ісін айтар едім немесе бір шыңға шығамын деп төрт бес рет құлап ақыры сол шыңды бағындырған адамның ерлігін нағыз жетістік деп санар едім..(әрине бұл тек жеке пікірім мүмкін сіз келісперсіз..)
+1 дауыс
Әрине, қарапайым күйбең тіршіліктің өз ойыңдағыдай жүзеге асуы - үлкен жетістік. Бірақ біз оған қанағат ете бермейміз. Алдымызға тым биік мақсаттар қоямыз да, сол мақсатқа жетуді ғана жетістік деп санаймыз. Сондықтан болар, кейде тіпті  бітірген ештеңеміз жоқ сияқты боп көрінеді. Лютер Кинг: "Бірінші басқышқа шығу үшін тұтас баспалдақты көру міндетті емес"-деген екен. Маңыздысы - әр басқышты басып өткеніміз, таудың құзар шыңына шыққанымыз емес, тауға шығып бара жатқан кезіміз. Сондықтан әрбір күніміз, ондағы кез келген әрекетіміз мақсатқа, жетістікке жетудегі басқыштар болып табылады.
0 дауыс
Жетістік бұл еңбек арқылы келеді .Еңбегіңнің жемісін бергені жетістік болып  саналады
...