0 дауыс
274 көрілді
Жерді сатып алушы компанияның үлесінде болашақ шетелдік үлескердің иелігі 50 пайыздан асқанда, сонымен қатар жер шетелдік банкте кепілдік есебінде тіркелген жағдайда жериеленуші компанияның жерге байланысты болашағы қандай болмақ?

1 жауап

0 дауыс
Жер кодексінің 24 бабына сәйкес заңды тұлғалардың  капиталында  шетелдіктер үлесі  50 пайыздан  асқан жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тек қана 25 жылға жалға беріледі.

Егер заңды тұлғаның шетелдік қорындағы үлесі ұлғайған жағдайда, жер қайтарылады немесе жалға алу құқығы 3 ай мерзім ішінде рәсімделуі тиіс. Бұл Жер Кодексінің 66 бабында нақты көрсетілген.

Көрсетілген заңды талаптар орындалмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жерге байланысты, сот органдарына  жер телімін мемлекет меншігіне қайтару бойынша шағымданады.

Егер, қазақстандық жер телімі шетелдік банкке кепілдікке қойылса, шетелдік банк жерді меншігіне өткізе алмайды.

Анықтама:  Жер кодексінің 24 бабына сәйкес  (2016 жылдың  1 шілдесінен  бастап енгізілген өзгерістердің негізінде), шетелдік тұлғалар ауылшаруашылығына қатысты жерлерді 25 жылға жалға алып, тек қана уақытша қолдану құқығына ие бола алады.
...