Шетелдік азамат жалған неке құру арқылы Қазақстан азаматы атанып, жер үлесіне ие бола ма?

0 дауыс
620 қаралым
Шетелдік азамат жалған неке құру арқылы Қазақстан Республикасының азаматы атанып, жер үлесіне ие бола ала ма?
• Санаты: Жер туралы

1 жауап

0 дауыс
Жоқ. Егер де, шетелдік азамат азаматтық алу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматымен жалған некеге тұратын болса, оның азаматтық алу мәселесі жойылады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітілген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңның  6 тармағы, 21 бабымен көрсетілген. (Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таниды)

Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының азаматымен ең кемі 3 жыл некелескен тұлғалар қабылдана алады. Аталған норма Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңының  16 бабына сәйкес реттелген.

Ұқсас сұрақтар

127,814 сұрақ
322,424 жауап
153,155 пікір
72,890 қолданушы