Қамыр ауқат па, Бешбармақ па, Бес бармақ па әлде Ет тамақ, Ет асу ма?

+2 дауыс
10.6k қаралым

«Бешбармақ асты, қамыр ауқат жеді» деп қай жерде жазылыпты? 

  • Қамыр ауқат
  • Бешбармақ
  • Бес бармақ
  • Ет тамақ
  • Ет асу
  • Іңкәл

Қайсысы дұрыс айтылуы,аталуы тиіс? Кей аймақтарда, оны қамыр ауқат (аухат) дейді, немесе іңкәл, немесе бесбармақ. 
Оның мәзірлері, яғни рецептілері түрлі-түрлі, тауық қосылады, балық қосылады. Кейде картоппен, кейде картопсыз, кейде тұздықпен, тұздықсыз, қой, жылқы, сиыр еттерін араластырып жіберіп, сүр еттен басатыны да бар...

Қамыр ауқат Бешбармақ Бес бармақ Ет тамақ

бешбармақ

• Санаты: Жалпы сұрақ

25 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Негізі бұл сұраққа жауап беру таң қаларлықтай қиын!

Бұл тағамды Бешбармак деп, немесе қысқаша Беш деп жалпы орыс тіліндегі сұхбатта атайды. Бұл сөздің шығуының бір болжамы - орысша тағамды құр "Ет"-"Мясо" деп атау ерсі көрінді, сондықтан бұл тағамды қолмен жеу ерекшелігі негізге алынып Бес бармақ деген ат шықты, ал орыс тіліне икемді болу үшін Бешбармак деп аталып кетті.

Қазақтар негізі жай Ет дейді, Ет деп тағамды атағанда ешкімде бұл қай ет, жай шикі ет па, әлде гуляш, стейк па деген ой келмейді. Ет дегенде табақта нан мен пияздың үстіне салынған пісірілген ет бөліктерінен тұратын тағам ойға келеді. Оған қоса екі-үш картопты үлестіріп жібереді. Табақтағы еттің түрі де үстелдегі кісілердің жасына, дәрежесіне қарай әр түрлі болады. Етпен қатар артынан сорпа келетіні бәріне мәлім.

Ет Асу деп көбінесе Етті даярлау ісін атайды, мысалы "Ет асайық" дейді. Кейбір кезде қамырдың орнына күріш баса салады. Бірақ осы жағдайда бұл палау деп атау онша келмейтін сияқты.
0 дауыс
Біздің жақта ет асу дейді, басқасын білмедім
0 дауыс
Бешбармак деп манкурттер мен орыстардын мазагы.

Ет асу. Мясо по-казахски.
0 дауыс
Ет асып,ет жейміз.Бармақ,бақайларыңызды бір жерге қыстырып қоя салыңыз көңілідеріңізге келседе айтайын.
+1 дауыс

Ет асамыз, ет жейміз 

0 дауыс
Бесбармақ деиміз
0 дауыс
Дұрысы ет асу болады...
0 дауыс

Әр аймақта әр түрлі аталады

+1 дауыс
Негізі бұл тамақтың аты ЕТ, қазақтар тек қана «ет асу»- деп қана атаған. Біздің бұл тағамыздың тарихы өте көнеден келеді және ол уақыттарда бізде шанышқы деген ұғым болмасада керек, сондықтан қолмен жеген. Келе-келе Бесбармақ атауына ие бола бастады, неден шыққаны түсінікті болар. Тағам негізінен саусақпен желінеді, ол ешқандайда мәдениетсіздік немесе жабайылық емес, тағамның өзіндік ұлттық ерекшілігі. Ондай жағдайлар өзге ұлттарда да көптеп кездеседі. Мысалы өзбек халқы палауды қолмен жейді және бұған ешкім таңырқамайды. Бірақ қазіргі уақытта заман ағысына қарай шанышқы арқылы жейміз.

Ulbosynaitbai
0 дауыс
Еттің наны дейміз біз. Қорғалжын.
0 дауыс
Beshbarmak duris ataui
0 дауыс
Ет. Немесе ас. Бізде асқа немесе етке келіңдер дейді. Қалғаны шəй ішу.
0 дауыс
ЕТ десе бәрі түсінікті емес пе! БЕШБАМАҚ-бес бармақты салып жіберіп,алақанға толтырып жеу.Орыстарға түсінікті болу үшін солай айтылған сияқты ғой.Орталық қазақстанда,Солтүстікте,Семейде ЕТ береміз деп айтады.Басқа жақтарда да солай сияқты,оны несіне өзгерте береміз..
0 дауыс
Шіркін ет жеп сорпа ішкенге не жетсін, сосын ас қайтарып, əйет оқып, қол жуып, далаға шығып тіс шұқып дегендей, сонан соң копіршіген шұбат келсе....
0 дауыс
Ет асып жейміз дегендердің бәрі Шымкент, Тараз, Түлкібас,Жуалы  жақтан болу керек,бұл факт!  Бешбармақ асып жейтіндер жоқ біздің жақта, мүмкін ол басқа тамақтың түрі шығар? ол қайдан шыққан сөздер, аты да жаман екен.
Шымкент,Тараз деп бөлудің қажеті жоқ Тәке.Қазақша жөнді сөйлейтін адамның барлығы солай ет деп айтады.Орыстанып кеткен біреулердің шығарып жүргені болу керек Алла біледі онысын
0 дауыс
Бес бармағыңмен желінетін болған соң бешбармақ дейді. Меніңше оның ештеңесі жоқ. Қайта әдемі естіледі, Бұл тағамды әрлендіретін де сол аты епес пе?
0 дауыс
Беш деген қырғыз ағайындардың сөзі, қазақтар етке шақырады, ет асу дейді.
0 дауыс
Жалпы  қазақтар  "Ет" , ет асу деген  ғой. Ет асамыз дейміз. Ал, бешбармақ, бесбармақ  дегендер  басқа  ұлттардың  біз  тамақты  бес саусақпен  жегендіктен  атап  кеткендері. Жалпы "Бешбармақ шоу" деген  бағдарлама  болды  ғой, осыны да түсінбеймін. Кез  келген  қазақ  басқа  тамақты  болмаса да  ет  асуды  жақсы  біледі  ғой. Оның  атыН  бешбармақ  шоу  емес, Ет асу  демей ме?
0 дауыс
бұлар әртүрлі облыстарда әртүрлі айтылады. Диалект сөздер.
0 дауыс
Бешбармак деп қырғыздар айтады. Бізде қолмен жегені үшін айтылса бессаусақ деп айтылар еді. Қырғызда саусақты бармак дейді. Дұрысы ет асу шығар. Бізде оңтүстікте қамыр ауқат деп те, ет асу деп те айтылады
0 дауыс
іңкəл деген айтылуы дагестанецтардың хинкал дегеніне ұқсайд екен. ол да осндай
0 дауыс
Негизинде бул улттык тагам ЕТ ТАМАК деп аталады тек бул тагамды кезин орыстар бес саусакпен жеген сон беш бармак деп атап кеткен олар.
0 дауыс
Негизи ар жакта ар турлиго бир жакта инкал дейди кей жерде куртик дейди ал биздин жакта ет немесе бешбармак
0 дауыс

Дұрысы ет деп аталады. Сауатсыздар, қазақи тәрбиені көрмегендер "Бешбармақ" деп атайды. Сауатсыздар осылайша өз сауатсыздығын ғаламтор арқылы "насихаттайды" ғой... Өте өкінішті жағдай.  

0 дауыс
Неге бесбармақ? Адамның қолында 1 бармақ қалғаны саусақ емес пе? Қолымызда 5 бармақ емес ғой. Ет асамыз, асқа келіңдер- деп шақырамыз,

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы