0 дауыс
7.7k көрілді
Бекіре балығынан қалай бесбармақ дайындайды? Балықтан қалай ет асып, тамақ жасауға болады?
кәдімгі еттен жасағандай жасайды, бірақ аз қайнатады, дәмі онша емес

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайырлы кеш! Балықтан ет асудың кәдімгі жасап жүрген ет тамағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Пісіру техникасы бірдей. Малдың еті сияқты балықты да жақсылап тазалап, жуып, орташа бөліктерге бөліп, қайнатасыз. Малдың етіне қарағанда тез пісетінін ескерсек, уақытында айырмашылық болады. Қалғанынан еш өзгешелік жоқ.Асыңыз дәмді болсын!
0 дауыс
Балық асқыңыз келсе сазанды асыңыз (өте дәмді болады), басқа балық асуға келмейді, бекіре балығын асқаннан гөрі қуырып жеген жақсы (Атыраулықтар солай істейді)
Иә сазан асқан дұрыс
0 дауыс
Балықтан ет асу үшін алдымен суды тұз салып қайнатып аламыз. Балық тез пісетіндіктен езіліп кетеді сумен бірге қайнаса. Әбден суыңыз бұрқылдап қайнағаннан кейін картобыңызбен балығыңызды бірнеше бөлікке бөліп, жуып саламыз. Он онбес минуттан кейін түсіріп аласыз. Жаймаңызды салып пісіріп аласыз. Асыңыз дайын болған сәтте тұздық дайындаңыз. Балық сорпасына тұз, бұрыш, туралған жуаңызды салып қайнатып алсаңыз керемет болады. Балықты батырып жесеңізде болады немесе дайын астың үстіне құйсаңызда болады. Асыңыз дәмді болсын.
...