+1 дауыс
2.1k көрілді
Америкада бас ауыстыру отасын талқылауда. Жапония адамға барынша ұқсайтын роботтар жасауды талқылауда. Қазақтар "бешбармақ" па? Ет тамақ па? Ауқат па? Тамақтың атын талқылауда

7 жауап

+2 дауыс
Біздің жақта (Атырауда) жәй ғана "ас" дейді, (мысалы: "ет асу", "ас турау", "ас жеу" т. б.....), Сол сияқты қонақтарға "асқа кіріңіздер", "ас дайын болды" деп айтылады

Бешбармақ деп ешкім айтпайды, ал "ет тамақ" деген сөзді бірінші рет естіп отырмын
Маңғыстауда да сол ЕТ кәдімгі
Ия дейім-ау, дұрыс айтасыз. Беашбармақ - орыстардың қойған аты,
Қай қазақ сені, Бешбармақ пісірдім деп шақырып еді, "Асқа кел" "Ет асып қойдым" деп шақырады емес пе? Қазақта Бешбармақ сөзі болған емес, қазақ жазушыларының да еш шығармасынан кездестірген емеспін (енді әр жақта өзгешелеу айтылатын болар),
дұрыс орыстар ғана шақырады асқа Бешбармақ деп!
Белгісіз
+1 дауыс
Иа vvvwww мен келісем бірақ біздің ауылда Етнан деп айтылады.
Етнан деген қызық естіледі екен... бірақ түсінікті
Асет сосын!!!
Белгісіз
0 дауыс
Біз жақта ет тамақ деп айтады.
+1 дауыс
Бізде,Ақтөбеде Ет деп айтады бешбармақ деп айтпайды мүлдем.негізі бармақ адамның аяғында болады ғой. Біз тамақты бармақпен жемейміз ғой иә?   өз басым Бешбармақ деген атауға қарсымын)
0 дауыс
Бізде жəй ғана "ет" дейді. Соған сəйкес " ет асу"," еттің нанын салу" деген тіркестер қолданылады. "БЕШБАРМАҚ" немесе "Бесбармақ" деген сөзді қамырдың сыртындағы жазудан ғана оқимыз:)
Қайдан боласыз Маңғыстаудан емеспе?
Жоға,Қостанай жақтан
Белгісіз
Қостанай тура Шымкенттктер сияқты айтады екен. Тоғжанды Чимкентская ма? деп жүрсем.
Баршамыз бір Қазақ жерінде тұрған соң ұқсай береді ғой арасында сəл- пəл диалекттер болмаса))
Белгісіз
0 дауыс
хехе, біз жақта Шымкентте, "қамыр ауқат" дейді, "қамыр", "ет" немесе "бешбармақ" қой.
0 дауыс
Қазақтың ұлттық тағамы «Бесбармақ». Бұрынғы кезде барлық ұлттар, халықтар жақсы да сапалы затты, нәрсені, істі, қимылды, ойды бармақ көрсету арқылы 5 баллдық жүйемен бағалайтын. Сапа қандай деген де, мынандай деп бармағын көрсететін. Мысалы, олар мені мына (бармағын көрсетіп) деген марқаны сойып, күтті деп келетін немесе ол елде мынандай, мынандай жылқылар өсіріледі екен деп бармағын бірнеше рет көрсететін және осыған ұқсас сөз тіркестері қазақ тілінде және басқа тілдерде көптеп кездеседі.

Бағзы заманда қазақтарда, басқа халықтарда, гректердің олимпиадасы сықылды неше түрлі халықаралық жарыстар ұйымдастырып тұрған. Мәселенки, қазақтар ас берген, жәрмеңке өткізген, наурызды мейрамдаған, қымыз мұрындық жасаған, соғымды алты ай қыс тойлаған. Осы мерекелерде шабандоздар, палуандар, әншілер, ұсталар және өзге де өнерлілердің жарысы өткізіліп тұрған, бұл сайыстарға басқа елдерден де өкілдер қатысқан. Сондай бір мейрамдағы аспаздар жарысында қазақтар өздерінің ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кереметін, қазы, қарта, жал, жая және жылқының басқа да еттеріне қамыр (кей жерде су шелпек, енді бір аймақта ұн, тағы бір өңірде нан дейді), пияз және өзге де дәмдеуіштер қосылып пісірілген, дәмі тіл үйірген тамағын көрсеткен. Жарыстың төрешілері әділ қазылар (қазірше айтқанда судьялар, жюри мүшелері немесе реферилер) алқасына қазақ аспаздары әзірлеген ауқат өте қатты ұнап, төреші боп отырған 5 реферидің барлығы бірден бармақтарын көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, ал егер судья жалғыз болса бармағын бір емес 5 рет көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, яғни қорыта айтқанда бұл тағамның сапасы бармақпен көрсетіліп, анықталып, белгіленіп «5 бармақ» деген немесе бізше айтқанда «5 – бес» деген бағаға ие болған, сондықтан, «Бесбармақ» деп атау алған.

Кейінірек кейбір өз ұлтының жақсысын көрсете алмайтын намыссыздар, ұлттық пайымы жоқ рухсыздар бұл сөздің мағынасын бұзып, бұрын қазақтарда қасық, шанышқы болмаған, мәдениет, тазалық болмаған, олар жабайы болған, сосын тамақты бес саусақпен немесе қолмен жеген, сол себепті бұл тамақ «Бесбармақ» аталған деп, қисынсыз және қате аударып, сөйтіп өздерінің сауатсыздығын да көрсетті.

Ол сауатсыздар айтқандай болса бұл тағам онда «Бессаусақ» немесе «Қолтамақ» не «Жабайылық» деп аталу керек еді ғой, не болмаса әр қазақта бес бармақ болу керек қой. Егер адамда бес бармақ болса ол адам ауру, құбыжық болып есептеледі ғой. Ал, дұрыс дамыған адамның қолында бес бармақ емес бес саусақ болады, әр саусақтың атауы бар (бармақ, үйрек, терек, шүмек, бөбек), қолдың дене жағындағы қысқа әрі жуан саусағы бармақ деп аталады. Қазақтар жабайы болса әр саусақтың атауына мынадай нәзік, яғни бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек деген лирикалық қосымша анықтамалар бере алмас еді ғой. Қазақтар жабайы болса етті пісірмей-ақ жей беретін еді ғой, ал олар етті қайнағаннан кейін кем дегенде 2 сағат пісіреді ғой, өйткені олар білген 2 сағат қайнаған етте зиянды микробтар мен вирустардың бәрі өліп қалатынын, яғни олар жабайы емес керісінше терең білімді жан-жақты дамыған адамдар болған.

Сосын, жабайы жылқыны әлемде алғашқы боп қолға үйреткен, оны сұрыптап етті, сүтті, мінетін, жұмысқа пайдаланатын түрлерін іріктеп шығарған, оның етінен қазы айландыруды ойлап тапқан, бие сүтінен қымыз дайындауды ойлап тапқан, ауздығымен жүген, үзеңгісі және өмілдірік-құйысқанымен ер-тұрманды, тағаны және басқа да кереметтерді ойлап тапқан қазақта қасық, шанышқы болмаған, сондықтан «Бесбармақты» бес саусақпен жеген дегенді айтқандар ғылыми логикасы жоқ, сауатсыз емей немене!  

Қазақтар «Бесбармақты» қазанға пісірген, пісіру үшін пеш не мосы жасаған, ошаққа отынды балтамен дайындаған, қазаннан «Бесбармақтың» еті мен су шелпегін сүзгімен алып табаққа салған, «Бесбармақтың» етін пышақпен не бәкімен тураған, «Бесбармақтың» сорпасын ожаумен кесеге құйып құрт не қатық қосып ішкен, осы заттардың бәрін және басқа да ғажайыптарды ойлап тапқан қазақ қасық пен шанышқы жасай алмауы мүмкін емес қой!

Қазақтар үйге кім келсе де, мейлі ол патша ма әлде батыр ма, үлкен бе не кіші ме, әйел ме, еркек пе қолын жуғызбай дастарханға отырғызбаған, ас дайын болды, қол жуыңыздар деп әр кісіні міндеттеген, яғни адам таза қолмен тағам жеу керек екенін қатты қадағалаған. Өйткені, олар тазалық денсаулық кепілі екенін білген, содан кейін денсаулық ең алғашқы байлық деген ғой. Жуыну үшін сабын гүлден сабын қайнатқан, неше түрлі ыдыс пен сүлгі, орамалдар және басқа да ғажайып-кереметтерді ойлап тапқан қазақтарда қасық пен шанышқы болмапты, сосын олар тамақты қолмен жепті дегенге кім сенеді?

Палау, манты және басқа да көптеген тағамдарды да қолмен жейді немесе жеуге болады ғой, онда оларды неге «Бесбармақ» деп атамаған?

«Бесбармақты» әр қазақ әрқалай, көңілі қалаған әдіспеген жеген, яғни қолмен жегісі келсе қолмен жеген не болмаса қасықты әйтпесе шанышқыны пайдаланған.

Басқа тағамнан «Бесбармақтың» тағы бір артықшылығы оны қолмен де, қасықпен де, шанышқымен де жеуге болады.

Қазіргі кезде «Бесбармақ» тағамын «Ет» немесе «Қазақша ет» деп атау керек деген қозғалыс пайда болды, ондай ойдағы адамдар бұл терминнен ұяламыз дейді. Оларға айтарымыз, ет деген сөз тамақ жасауға керек шікізаттың анықтамасы, оны қалай жейсің, оны пісіру керек қой. Сосын ол ет ненің әйтпесе кімнің еті, қандай ет, яғни қазақша айтқанда қандай мүше. Әлемде көптеген ұлттардың төл тағамдарына ет қосылып дайындалады, оларды қалай атаймыз, «Ет» деуіміз керек пе? Орыстың борщына да ет қосылады, оны «Орысша ет» дейміз бе?

Қорыта айтқанда, «Бесбармақ» деген атау тегін атау емес, ол ғылыми һәм тарихи термин және оны бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Сондықтан, «Бесбармақ» атауының мағынасын басқаларға ештеңеден де, ешкімнен де ұялмай, осылай заманауи логикамен түсіндіріп, қазақтың ұлттық тағамын ғаламға паш ете беруіміз керек!

Өйткені, жоғарыда келтірілген кереметтер, айтсақ олар қазақтар ойлап тапқан көптеген ғажап заттардың аз ғана бөлігі ғой, біздің елімізде бағзы заманнан-ақ білім болып, ғылым дамығанын, өндіріс өркендеп, мәдениет пен өркениет қатар жүргенін көрсетеді.

Мен ойлаймын әркім осылай қазақтың әр сөзіне, сөз тіркестеріне талдау жасаса, олардың нағыз мәнін, терең мағынасын, керім мәйегін табуға болады деп ойлаймын. Сонда біз өзіміздің тарихымыздан, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден, тілмізден, қазақи сөз тіркестеріміз бен философиямыздан ұялып жүрген жастарға дұрыс бағдар береміз, олардың білімін, намысын және рухын көтереміз.
"Бағзы заманда қазақтарда, басқа халықтарда, гректердің олимпиадасы сықылды неше түрлі халықаралық жарыстар ұйымдастырып тұрған. Сондай бір мейрамдағы аспаздар жарысында қазақтар өздерінің ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кереметін, қазы, қарта, жал, жая және жылқының басқа да еттеріне қамыр (кей жерде су шелпек, енді бір аймақта ұн, тағы бір өңірде нан дейді), пияз және өзге де дәмдеуіштер қосылып пісірілген, дәмі тіл үйірген тамағын көрсеткен. Жарыстың төрешілері әділ қазылар (қазірше айтқанда судьялар, жюри мүшелері немесе реферилер) алқасына қазақ аспаздары әзірлеген ауқат өте қатты ұнап, төреші боп отырған 5 реферидің барлығы бірден бармақтарын көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, ал егер судья жалғыз болса бармағын бір емес 5 рет көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, яғни қорыта айтқанда бұл тағамның сапасы бармақпен көрсетіліп, анықталып, белгіленіп «5 бармақ» деген немесе бізше айтқанда «5 – бес» деген бағаға ие болған, сондықтан, «Бесбармақ» деп атау алған" ертегіні жақсы құрастырады екенсіз.Соңғы бір 10-15 жыл ішінде өз тілін білмейтін мәңгүрттер мен шала қазақтар енгізген осы бір ерсі сөзді(бесбармақты айтып отырмын) дұрыстығын өзіңізше дәлелдеп,бірнеше ғасыр бұрын өткен ата-бабамыздың тарихына қосып қойғаныңыз ұят енді.Жетпіс-сексен жасаған аталарымызды,оданда үлкен қариялардың көзін көргенбіз Аллаға шүкір.Бірақ ешбіреуінің аузынан бесбармақ не бешбармақ атауды естіп көрген жоқпын.Жай ғана ЕТ.
- Ет асып жатырмыз,етке келіңіз -деген сәтте ненің еті,мүше ме,шикізат па деп түсінбейтін болса,кешіріп қойыңыз ондай адамның  қазақ тілін толық біліп,еркін сөйлей алатынына күмәным бар
...