0 дауыс
1.6k көрілді
«Серпін-2050» жобасы бойынша өткен жылы ұсынылған мамандықтар мен биылғы мамандықтардың арасында айырмашылық қандай?

1 жауап

0 дауыс

Мұрат Әбенов: Былтыр 7 жоғарғы оқу орындарында, 19 педагогикалық мамандыққа 1050 грант бөлінген болса, биыл 19 жоғарғы оқу орындарына педагогикалық мамандықтарының 1500 грантына қоса, 3 сала бағыты бойынша: 3 мың грант - техникалық мамандықтарға, 300 грант - ауылшаруашылық, 200 грант - ветеринария саласына бөлініп отыр.

Өткен жылы жоба аясында 25 колледждерде 33 мамандық бойынша жастарға 1000 грант бөлінді. Ал, 2015-2016 оқу жылында колледждер саны 36-ға жетіп, 47 мамандық бойынша 1200 грант қарастырылған. Олардың ішінде, 40 мамандық техникалық бағытта, 7 мамандық ауылшаруашылығы бағыты. Өткен жылы бөлінген мамандықтар көбіне ер балаларға лайық болғандықтан, биыл арнаулы орта оқу орындарында қыз балалардың игеруіне қолайлы мамандықтарға көбірек көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл тігінші, қоғамдық тамақтану, стандартизация және сертификация, ветеринария, электронды есептегіш машиналарының операторы мамандықтары енгізілді.

...