0 дауыс
538 көрілді
Мұрат аға өзіңіз сұхбат барысында айтып кеткендей осы бір жылдың ішінде жобаның бірінші түлектері бар дедіңіз. Сол жайлы толық айтып кетсеңіз.

1 жауап

0 дауыс

биыл Рудный тау-кен технология колледжін бірінші «Серпіндіктер» оқуларын аяқтап, олардың қолдарына дипломдарын тікелей өзіміз тапсырдық. Түлектерге Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі жұмыс та ұсынды, қызметтік пәтер де берді. Қазір сол жастар Рудныйда еңбек етуді бастап кетті. Сол 24 түлектің 13 ұсынылған жұмыс орындарында қалса, 8-і өз білімдерін сол жердегі Рудный индустриялды институтында жетілдіруді таңдады. Өкінішке орай 3 адам өз өңірлеріне қайтуды таңдады.

Болашақта «Серпін-2050» жобасымен бітірген барлық жастарға осындай мүмкіндіктер жасалады. Ал, оқу бітірген соң өз туған жерлеріне кеткісі келетін жастарға жол ашық. Ұстамаймыз. Бірақ та болашқтарына жауапкершілікпен қараған жастар дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Бәрін жастардың өздері шешеді. Дегенмен, «Серпінмен» оқуға түсіп, кейін өз облыстарына қайтып келу, бұл гранттарға қол жеткізе аламй жүрген құрбыларының орындарын иеленіп кетумен бірдей. Өйткені, жоба бойынша оқып, барған жерінде қалғысы келетін жастар көп. Сондықтан, «Серпінмен» оқып, кейін туған жерлеріне қайтқан жастардың әрекеттерін азаматтыққа сын ретінде қабылдаймын.

...