0 дауыс
1.2k көрілді
2019-20жж Серпін бағдарламасы жұмысын жалғастырады ма? Толық мағлұматтар керек еді. Жауап берсеңіздер жақсы болар еді.Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

1 жауап

0 дауыс

"Серпін-2050" оқу бағдарламасы биыл да өз жұмысын атқарады.

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді.

2015 жылдан бастап Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аталмыш жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі ретінде бекітілді. Университетке 2015 жылы «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша оқытуға 450 грант бөлінді. 

Бағдарлама мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.

«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

...