0 дауыс
8.7k көрілді

Салеметсіз ба Мұрат Абдуламитұлы.

Мемлекеттік бағдарлама Серпін-2050 келесі 2015 жылы да өз жалғасын табады ма? Бұл бағдарламаның басты мақсаты неде? Серпін-2050 бағдарламасы туралы сіздің көзқарасыңыз.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«Серпін-2050» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ең алдымен бәсекеге қабілетті мықты мамандар даярлау, ауылдағы жастарға қол жетімді сапалы білім беру. Қазіргі таңда демографиялық жағдайға қарасақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Жұмыс күштері жеткіліксіз. Ал кейбір аймақтарымызда керісінше өнеркәсіп орындары көп болғанымен мықты кадрлар жеткіліксіз. Осы мәселелерді тиімді шешу мақсатында жастарға арнап мемлекетіміздің қолдауымен «Серпін-2050» бағдарламасын жүзеге асырудамыз.  Биыл ең алғашқы жобамыз жақсы қарқынмен басталды. Барлық 2050 грант иегерлері оқу орындарына жеткізіліп, жатақханаларына жайғастырылды.Студенттердің жағдайы бақылауымызда. Бітірген түлектерімізді жұмыспен қамтимыз. Келесі жылы грант және мамандық сандарын көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз.

Мұрат Әбенов

Осы "Серпін-2050" бағдарламасында оқып жатқандар бітірген соң 3 жыл жұмыс істеуге міндеттіме?
0 дауыс
Мен 47 балл алдым Серпін бағдарламамен оқуға түсе аламба грант
0 дауыс
Павлодар қаласында Серпін бағдарламасында    әскери оқу барма?
0 дауыс
Серпін бағдарламасы бойынша колледжді бітіруші түлектер Жоғарғы оқу орындарына тапсыра алады ма?
0 дауыс
иә 2050 ге диін жалғасады
0 дауыс
Сәлеметсіздерме мен 9 дан кейін колледжге автомеханик профессиясына түскен болатынмын! Қазір 2016 жылғы түлек болам, оқуды аяқтап жатырмын. Ендігі мақсатым сәулетші саласына түскім келіп отыр. Егерде менде қандайда мүмкіншілік бар болса қабар күтемін!
0 дауыс

әрине жалғасады, мен осы Серпін-2050 бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында оқып жатырмын, бізде 2016 жылғы түлектерге (Серпін бойынша түсетін) жаңа жатахана салып жатыр, керемет жағдай жасалған!!yes ҚарМТУ-ды таңдасаң өкінбейсің!!!wink

...