0 дауыс
615 көрілді
Қандай жағдайларда және қандай негіздерде тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартуы мүмкін?

1 жауап

0 дауыс

Қандай жағдайларда және қандай негіздерде тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартуы мүмкін?

Тұрғын үйді ұсыну үшін есепке қоюда сізге егер азаматтың соңғы 5 жыл ішінде мынадай жолдармен өз тұрғын үй шарттарын әдейі нашарлату нәтижесінде мұқтаж болғаны белгіленсе ба  тартуы мүмкін:

  • тұрғын орынжайды айырбастау;
  • тұрғын үйді «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 98-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган  сатып алған жағдайдан басқа кезде, ҚР сол немесе басқа елді мекенінде тұрғанына қарамастан, оған меншік құқығында тиісті тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығару;
  • тұрғын үйді оның кінасы бойынша  бұзу немесе бүлдіру;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе баспанадан мұқтаж болмаған тұрғын үйден шығу;
  • жұбайы, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-анасынан басқа тұлғаларды қоныстандыру.

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

...