0 дауыс
636 көрілді
Қандай жағдайларда тұрғын үй алуға кезектен алып тастауы мүмкін?

1 жауап

0 дауыс

Қандай жағдайларда тұрғын үй алуға кезектен алып тастауы мүмкін?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабына сәйкес тұрғын үйді алуға кезектен мынадай жағдайларда алып тастай алады:

тұрғын үйді ұсыну негізі жойылды;
сіз басқа елді мекенге тұрғылықты жерге көшуді немесе мемлекеттік кәсіпорыннан немесе мемлекеттік мекемеден жұмыстан шығуға шешім қабылдасаңыз;
тұрғын үй қажеттілігі туралы ұсынылған ақпарат құжаттарды тапсыруда шындыққа жанаспайтын болып табылса;
сіз жер учаскесін алдыңыз және өз тұрғын үйіңіздің құрылысын немесе тұрғын үйді сатып алуды аяқтадыңыз.

Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж және тұрғын үйді алуға дейін есепке қойылған толық емес отбасылар кезектен алына алмайды.

Кезектен алу туралы сізді есептен алу негіздерін көрсетумен шешім қабылданғаннан кейін 10-күндік мерзім ішінде жазбаша түрде міндетті түрде хабардар етуі тиіс.

 

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

...