Заң | 1.5k қаралды
1.5k қаралды
Тұрғын үйдің қандай түрлері бар?  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес меншік құқығына қарай тұрғын үйдің қандай түрлері бар?

2 жауап

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес меншік құқығына қарай тұрғын үйдің мынадай түрлері бар:

жеке тұрғын үй қоры – меншік құқығында жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиісті тұрғын үй; 

- мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұратын және мемлекетке меншік құқығында тиісті, мемлекеттік кәсіпорыннан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің  тұрғын үй қорынан тұратын тұрғын үй;

- коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) басшылығындағы тұрғын үй.

- мемлекеттік мекемеден тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда мемлекеттік мекемелердің басшылығындағы тұрғын үй;

- мемлекеттік кәсіпорыннан тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның  басшылығындағы тұрғын үй.

Осылайша, ҚР тұрғын үй қоры меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерден тұрады.  Әкімдіктен тұрғын үйді мемлекеттік қордан немесе әкімдік жалға алған жеке тұрғын үй қорынан ала аласыз.

Қызметтік баспана – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан ұсынылатын және ҚР азаматтарын олардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерді орындау кезеңіне, сондай-ақ ҚР жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға әрекеттесудің белсенді шараларына қатысатын ҚР азаматтарын орналастыруға арналған және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан ұсынылатын ерекше құқықтық режимді баспана. Басқаша айтқанда егер сіздің ұйымыңызда осы көзделсе және қажетті шарттарға сәйкес келсе қызметтік баспана ала аласыз. Қызметтік баспана мемлекеттік мекеме қызметкері болып табылған уақытқа уақытша беріледі.

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

Жақсы Жауап
үй  түрлері  киіз  үй, жартылай үй, жер үй, қабат үй,т.б
118,552 сұрақ
305,756 жауап
153,303 пікір
68,184 қолданушы